АЭС

АЭС салу — заман талабы

Олжас МЕКТЕПБАЕВ,
Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты

Жыл сайын электр қуатын пайдалану күннен күнге артып келеді. Бұлай жалғаса берсе алдағы 10 жылда ел тұрғындарының 30 пайызы жарықсыз қалуы мүмкін. Елімізде электр энергиясы тапшылығын болжап, біліп отырған мамандар атом электр станциясын салудың қажеттігін айтып отыр. Біз нағыз мамандардың сөзіне құлақ асуымыз қажет. Әлемнің 30-дан астам елінде атом электр станциясы бар. Халық арасында оның қоғамға беретін оң әсерін, экологияға тиімді екенін түсіндіретін шараларды жалғастыра берсе, халықтың ой-пікірі де соған сай оң болары анық. Атом электр станциясын салу – заманның талабы. Алпауыт елдер энергияны осы дүниеден алып, қолданып отырғалы қай заман. Ол біздің елге де керек. Атом энергиясы — таза энергия. Негізінен, біздің қазіргі қолданып жүрген энергия көздеріне қарағанда атом энергия станциясы арқылы алынған энергияның экологияға зияны аз. Бұ¬ған дейін Мемлекет басшысы ха¬лыққа атом энергетикасының ма¬ңыздылығын кәсіби түрде тү¬сіндіру қажеттілігін тапсырған болатын. Негізі, атом энер¬гиясын табысты өндірудің кілті — ядролық реакторды дұрыс таңдау. Олардың түрлері мен сұ¬рыптары да өте көп. Негізінен, олар бір-бірінен мақсаты мен жұмыс істеу қағидаттары бо¬йынша ерекшеленеді. Оның үстіне қолда бар станциялар ескіріп барады. Елдегі электр энергиясын тарататын 222 станцияның 148-і жаңартылған энергия көздеріне тиесілі. Қалған 80-ге жуығының 65 пайызы тозған. Атом электр станциясы салына ма жоқ па деген сауал қазір күн тәртібінде тұрған мәселе болып тұр. Соңғы шешімді күзде өтетін референдумда халық қабылдайтын болады.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button