АЭСРеферендум

АЭС мəселесінде алыпқашпа долбарға емес, сала ғалымдары мен білікті мамандар пікіріне құлақ асқан жөн

Рахымжан ӨТЕМІС, Қазақстанның құрметті журналисі, Ырғыз ауданының құрметті азаматы.

6 қазан күнгі Бүкілхалықтық референдумға «Сіз Қазақстанда АЭС салуды қолдайсыз ба?» деген сауал шығарылып отыр. Бұл мəселені қолдайтындар да, қарсылар да бар. Қарсы болушылар Жапониядағы Фукусимо мен Украйнадағы Чернобыль апатын тілге тиек етіп, оның қаупін алға тартады. Оған қоса өзіміздегі Семей мен Байқоңыр зардаптарын көріп жүрген халықтың бойында атом деген сөздің өзі үрей тудыруы заңдылық.
Жалпы, бұл мəселеде алыпқашпа долбарға емес, сала ғалымдары мен білікті мамандар пікіріне құлақ асқан жөн.
Таяу 5-10 жылда елімізде энергия тапшылығы 30% болады деген болжам бар. Бұл батыстағы төрт облыс және Қостанай, Қызылорда өңірлерін қосқанда газ пайдалануда, жарық пен жылуда қиындықтар туады деген сөз.
Қазір əлемнің ең дамыған мемлекеттері АЭС пайдаланады. Бүгінгі таңда Түркия, Бангладеш, Беларус, Мысыр, БАЭ атом станцияларын салуда. Ешбір ел миллиардтаған қаржы қажет ететін атом станцияларын еріккеннен салмайтыны анық. Халықтың тұрмыс жағдайының жақсаруы жəне дамып келе жатқан өндіріс орындарының қалыпты жұмыс жасауы үшін де атом қуаты керек. Қазіргі ғылыми технологиялардың жетістіктері нəтижесінде реакторлардың апаттық қаупі 10 млн жылда бір рет делінеді.
Сөзімді түйіндей келе еліміз дамыған қуатты елдер қатарына қосылғанын қалайтын болсақ бізге де АЭС керектігі анық.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button