АЭСРеферендум

Болашақты айқындайтын маңызды мәселе

Ахат МЫРЗАЛИН,
«Ардагерлер ұйымы» РҚБ-ның Ақтөбе қалалық филиалының төрағасы:

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылы қыркүйекте «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында: «Атом электр станциясын салу не салмау мәселесі — еліміздің болашағына қатысты аса маңызды мәселе. Сондықтан оны жалпыұлттық референдум арқылы шешкен жөн деп санаймын. Нақты мерзімін кейін анықтаймыз», — деген болатын. Міне, содан бері бір жыл уақыт өтті. Бұл, расында, жан-жақты ойланып, шешім қабылдауға, мамандардың өз пікірлерін халыққа толық жеткізуіне жеткілікті уақыт.
Әрине, бұл мәселеде халықтың пікірі біржақты емес. Тек осы ғана емес, жалпы қай мәселеде де пікір алуандығының болатыны белгілі. Кешегі күні Семей полигонының зардаптарын бастан өткерген қазақ халқының «атом» деген сөзге қауіптене қарауы да — заңды нәрсе. Сондықтан екі жақтың ой-пікірлерін, әсіресе, мамандардың ертеңгі күні қауіпсіздіктің, адам өміріне деген жауапкершіліктің қамтамасыз етілуіне қатысты тұжырымдарын жан-жақты саралап барып, байыпты шешім қабылдап, дауыс беруіміз керек.
Президент Жарлығы арқылы референдумның уақыты 6 қазанға белгіленді. Өз басым мамандардың баспасөзде айтып-жазып жатқан ой-тұжырымдарын, сан алуан пікірлерді мұқият оқып отырмын. Бүгінгі күні энергия тапшылығы әлемдік күрделі мәселеге айналды. Болашақта экономиканы дамыту үшін, елімізге инвесторларды тарту үшін, біз де осы мәселенің түпкілікті шешімін табуды ойлауымыз керек. Осы тұрғыдан келгенде, атом электр стансасын салу керек деген ұсынысты қолдаймын.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button