АПВ дегеніміз не?
Адам папилломасы вирусы — теріні және дененің әртүрлі бөліктерінің шырышты қабықтарын зақымдайтын вирустар тобы.
АПВ вирусы жылдам таралып, қатерлі ісікті өзгертуге әкелетін қоздырғышқа айнала отырып, сонысымен қауіп тудыртады. Айталық, жыл сайын Қазақстанда жатыр мойны обырының 1900-ға жуық дерегі тіркеледі, 600-ден астам әйел бір жылда осы аурудан көз жұмады… Біздің елде жатыр мойны обыры барлық жастағы әйелдер арасында сүт безінің обырынан кейінгі кең таралған обырдың екінші түрі екенін айта кету керек.
АПВ вирусы адамнан адамға келесі жолдармен беріледі:
—тұрмыстық жанасу жолымен. АПВ қол алысу, сүйісу, терідегі зақымданулар арқылы берілуі мүмкін. Вирус ылғалды ортада тез таралады,сондықтан қоғамдық орындарға — сауналарға, моншаларға, спортзалдарына, дәретханаларға, бассейндерге барғанда өзіңізді ұқыпты ұстағаныңыз дұрыс.
Жыныс жолымен вирустардың онкогенді типтері берілгенде жыныс мүшелері аймағында орналасатын ұшы сүйір сүйелдерді тудырады.
—Вирус анадан сәбиге босану кезінде беріледі. Сүйелдер көбіне нәрестелерде өмірінің алғашқы жылдарында ауызда немесе теріде пайда болады.
—Өзіне-өзі жұқтыру жолы. АПВ қырыну немесе эпиляция кезінде дененің бір бөлігінен екінші бөлігіне жиі ауысады.
Бүгінгі таңда АПВ емдеу жолы жоқ, алдын алудың бірден бір әдісі — вакцинация. Жатыр мойны обырының дамуына әйелдің АПВ инфекциясын жұқтыруы себеп болатыны ғылыми дәлелденген.
Адам папилломасы вирусына қарсы вакцина 15 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылады және Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстанды қоса алғанда, дүниежүзінің 135 мемлекеттерінде жасалады.
2024 жылғы күзден бастап Қазақстанда 11 жасар қыз балаларға АПВ қарсы вакцинация жүргізілетін болады.
АПВ қарсы вакцина мектептерде немесе тіркелген мекенжайы бойынша емханаларда екпе кабинеттері арқылы ақысыз негізде қолжетімді.
Вакцинация қарсы көрсетілімдер болмаса, дәрігердің қарап тексеруінен кейін ата-аналарының немесе қамқоршыларының ақпараттандырылған келісімімен жүргізіледі. АПВ қарсы вакцина дельта тәрізді иық бұлшықетіне жасалады. Вакцинация қарсы көрсетілімдер болмаса, дәрігердің қарап тексеруінен кейін 6 ай аралықпен екі рет жүргізіледі.
АПВ ауруына қарсы вакцина қалай жұмыс істейді? Ағза иммундық жүйенің АПВ инфекциясымен күресуіне көмектесетін антиденелер өндіре отырып, вакцинаға жауап береді. АПВ қарсы вакцинаның құрамында рекомбинантты ДНҚ технологиясын пайдаланумен алынған, вакцина құрамындағы әрбір АПВ типінің ақуыз қабықшасынан вирус тәрізді бөлшектері (VLP) бар. Бұл вакциналар құрамында вирустық ДНҚ жоқ әрі тірі емес және АПВ инфекциясын немесе обырды тудыруы мүмкін емес.
АПВ-ға қарсы вакцина әйелдер ағзасының репродуктивтік қызметіне әсер етуі мүмкін бе? АПВ-ға қарсы вакцина әйелдердің репродуктивтік қызметіне ықпал етпейді және бедеулікке әкеліп соғуы мүмкін емес, ол әлемнің дамыған елдерінде көпжылдық клиникалық зерттеулер нәтижесінде дәлелденген. Бұл — клиникалық дәлелденген бірде-бір дерек болмаса да, қоғамда белсенді қарқынмен таралып кеткен жаңсақ пікірлердің бірі.
Вакцинаның қандай салдары болуы мүмкін? Вакцина салғаннан кейін инъекция орнының ауырсынуы, қызаруы және/немесе ісінуі, бас ауыру немесе болмашы қызба сияқты ағзаның жеңіл түрдегі реакциясы болуы мүмкін. Бұл әдетте бірнеше сағаттан бір күнге дейін созылады.
АПВ ауруына қарсы алғашқы вакцина 2006 жылы пайда болған, бүкіл әлемде 100 миллионнан астам адамға егілген, осы мақсатта вакцинаның 270 миллионнан астам дозасы пайдаланылды, бұл күрделі теріс реакциялар тудырмады.
АПВ 6, 11, 16, 18-4 типінен қорғайтын 4-валентті вакцина болады.
Н.ЖҰМАҒАЛИЕВА,
Ақтөбе қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы.