Пікір

Білікті маман бізде оқиды

Гүлден ӨТЕЖАНҚЫЗЫ,
Ақтөбе құрылыс-техникалық колледжінің
директоры

Жолдауда алдағы жыл «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады. Президент жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқорлық пен нағыз маман болу идеясын насихаттау керектігін айтты.
Ақтөбе құрылыс-техникалық колледжі — жұмысшы мамандарды даярлап келе жатқан алдыңғы қатарлы оқу орындарының бірі. Білім ордасының құрылысшылар даярлауда өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан. Мұнда кадр даярлау 6 мамандық және 11 біліктілік бойынша жүргізіледі. «Кең бейінді құрылыс жұмыстарының шебері», «Электргазбен дәнекерлеуші», «Техник-механик», «Техник құрылысшы» және басқа да жұмысшы мамандықтары оқытылады. Оқу орнында 69 педагогикалық кадр, 9 өндірістік оқу шебері жұмыс жасайды. Биыл 204 білім алушы колледжді аяқтап, олардың 178-і жұмысқа орналасты.
— Ақтөбе құрылыс-техникалық колледжі «Ақтөбе хром қосылыстар зауыты» АҚ, «АкПром» ЖШС, «ЖБИ-25» ЖШС, «Стройдеталь» ЖШС, «Нектар» ӨК, «Ақтөбе металл конструкциялары зауыты» АҚ, «Интерстиль» ЖШС, «Энергосистема» ЖШС, «Кварц-Спецсервис» ЖШС секілді алпауыт кәсіпорындар мен шағын және орта бизнес мекемелері білім ордасының әлеуметтік серіктестері. Аталған облыстың ең ірі кәсіпорындары жас мамандарды тәжірибеден өткізіп, жұмысқа орналасуына мүмкіндік жасап отыр.
Мемлекет басшысы жолдауда айтқандай, адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Осы орайда Ақтөбе құрылыс техникалық колледжінің оқытушылар құрамы кәсібіне жауапкершілікпен қарайтын жас мамандарды даярлауға өз үлесін қосады. Биылғы оқу жылында 257 білім алушы жұмысшы мамандықтарына қабылданды. Білікті маман даярлаумен қатар, туған өлкенің тарихы мен мәдениетін, өнері мен әдебиетін қоса оқыту — біз үшін басты міндет.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button