Денсаулық

14 медициналық ғимарат күрделі жөндеуден өтіп жатыр

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Мұратжан Қажығалиев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг айтты.

Ақтөбе қаладағы №2, №1 емханаларға күрделі жөндеу жүргізілуде.Ақтөбе медициналық орталығының жылу жүйесі, Хромтау аудандық ауруханасының желдету жүйлері жаңартылып жатыр. Ал алпысыншы жылы салынған Алға аудандық орталық ауруханасының асхана бөлігінеде күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр.

—Жөндеу өтетін нысандардың тізімін жасаған кезде, жан-жақты сараптама жүргізіледі. Ең алдымен ғимараттардың қашан салынғаны, олардың маңыздылығына баса назар аударылады. Қалалық, аудандық және ауылдық жерлердегі медициналық ұйымдардың барлығы ескерілді. Жалпы жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге аса береді, — деді Мұратжан Қажығалиев.

Келер жылы жиырмадан астам нысанды жаңарту жоспарланып отыр. Оның ішінде облыстық балалар ауруханасы бар. Басқарма өкілі алда атқарылатын өзге де жұмыстарды баяндады.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button