«Ақтөбе» — 100!

Белгілі газетшілер

«Ақтөбенің» жүзжылдық тарихында өз қолтаңбасын қалдырған  байырғы белгілі газетшілер аз емес.

Солардың бірі —Кенжебай Назаралин (1903 жылы туған).  Ол— «Кедейдің» қалыптасуына өзіндік үлес қосқан алғашқы буынның өкілі.Газеттің  бірінші нөмірін шығаруға қатысқан. Редакцияның тұңғыш жауапты хатшысы. Кейбір кездері газеттіңуақытша редакторы да болған.

Кенжебай Назаралин ауыл мектебінде сауат ашып, педагогикалық курста білімін жетілдіріп,  халық ағарту институтында, жұмысшы факультетінде азынша білім алған. Еңбек жолын 1919 жылы бастаған: Бестамақ мектебінің  мұғалімі, интернат меңгерушісі болып істеген.

1967 жылы жазған мақаласында: «Тырнақалды нөмірдің өзін әрең шығардық.Өйткені ол кезде оқыған, білімді журналистер, әріп терушілер және баспахана қызметкерлері жоқ болатын. Оның үстіне қазақ тіліндегі әріптер жетіспей, Қазаннан алдырдық… газет ісінің әліппесін  редакцияда жұмыс істеп жүріп үйрендік» деп еске алады.

Шыға бастағанына бір жыл болса да, әлі  аяғына тұрып кете алмай жатқан «Кедей» газетіне Әзімбай Лекеров бас-көз болған  кезде жазылған бір анықтама-есеп сол уақыттың тынысын түгел жеткізе алады. Губерниялық комитетке жазылған бұл анықтама-есепке редакцияның хатшысы Кенжебай Назаралин  уақытша жауапты редактор ретінде қол қойды.

Анықтама-есепте әуелі басылымның мазмұны жер-жерден келіп түсетін хат легінің артуына байланысты соңғы уақытта елеулі жақсара бастағаны айтылады. Жауапты қазақ қызметкерлерінің газетке атсалыса бастағаны атап өтіледі.Бұдан әрі «редакция газет тілін сөйлеу тіліне, ауыл тіліне жақындатуға ұмтылуда, бұған ішінара қол жеткізіліп келеді. Газеттің беттелуі жақсарды. Биылғы наурыз айынан бастап «Кедей» газеті жанынан   екі аптада бір  рет «Еңбекші жас» арнаулы  жастар беті шығарылуда, сөйтіп, ауыл  жастарының өмірі кеңінен көрсетілуде»деп жазылды.

1925жылы газет таралымы 1 қаңтарда— 600 дана, 1 наурызда— 900 дана, 1 мамырда750 дана болыпты. Осыныңішінен тек 30 данасыархивке, айырбастауға, т.б.осындаймақсатқажіберіледіекен. Қалғанданасықолма-қолесептесуменжолданатынболған, газеттаралымының 50 пайызыауылға,қалғанықалағатаралған.

Анықтамада осы кездегі редакция құрамытуралымынадайдерек бар: «Жауапты редактор Лекеров, 20-жылдан РКП (б) мүшесі, газеткерлікөтіліжоқ.РедакцияныңхатшысыНазаралин, 23-жылдан РЛКСМ мүшесі,газеткерлікөтілі— 1 жыл. Бұданбасқа 4 жауаптықызметкер газет жұмысынақатысады».

ӘзімбайЛекеровтіңредакторлықлауазымдынегізгіқызметінеқосаатқарғанынескерерболсақ, бұл—редакцияғаЖиенғалиТілепбергеновәлікелмеген, газетхананыңқалғанжұмысыныңбәрінКенжебайНазаралинатқарыпжүргенкезеңдібілдіреді.

Әлібіржасқатолмаған газет аз уақыттыңішінде 23 ауылтілшісінтөңірегінетоптастыраалды. Ай сайыноларданкемі 10-15 хат түсіптұрды.

Бұлкездегішетінжәйіт – редакцияныңшаруашылықжай-күйіеді. Газет алғашқыкүннентапшылықпенжұмысістепкележатты,тапшылықішінараОрталықКомитеттіңбаспасөзбөлімінің 150 рубль,губерниялықатқарукомтетінің 100 рубль субсидиясыменжабылыптұрды.

«Бірақсоғанқарамастан, —делінгенанықтама-есепте, —газеттіңтапшылығы 24-жылғы 1 қазаннан 25-жылғы 1 мамырғадейінгіаралықта 2452 рубльгежетті. «Кедей» газетініңақша-шаруашылықбөлігіорысгазетіменбірлесіпжүргізіледі. «Кедей» редакциясышаруашылықістеріменайналыспайды».

Анықтамадаорысгазеті мен баспахананың дақаржылықжағдайымәземесекендігіатапөтілген. Соныменбіргетаралымы аз, өзіәлсіз газеткежер-жердегіқұштарлықтыңорасанзорекеніайтылады.  Қалыңбұқараныңбұлтілегінқанағаттандыруүшінгазеттіжақсарту, редакцияныңштатынкеңейту, газет нөмірініңбағасынтөмендетуұсынылады.

Уақытшажауапты редактор газет жұмысынқаражатсызжақсартудыңмүмкінеместігіналғатартаотырып, өлкелік партия комитетінің ай сайынғысубсидиясы  300рубльгежеткізілугетиісдептұжырымдайды.

Редакцияныңбұланықтама-есебінгуберниялық комитет бірауызданқолдап, оны өлкеліккомитеткежолдайды.

«Кедей» газетінжазутәжірибесі бар кадрларменнығайту,  соныңішіндеТеміруездікоқу-ағартубөлімінбасқарыпжүргенЖиенғалиТілепбергеновтіңгуберниялықбасылымбасшысыныңбіріболыпкелуі осы бағыттажасалғаноңдықадамныңбіріеді.

Ал Кенжебай Назаралин«Кедей» сапындағы қызметінен соң 1925 жылы уездік комсомол  комитетінің жауапты хатшысы болып тағайындалады. Бұған оның газетте еңбек еткен жылдары, жоғарыда айтылғандай, «Кедейдің» жастарға арналған, екі аптада бір рет ұйымдастырылатын «Еңбекші жас» арнаулы бетінің (газет ішіндегі газет) редакторы (шығарушысы) болғаны да әсер еткен сияқты.

Демек, «Ақтөбе»  газетінің  кейбір кезеңді сәтінде дәстүрге айналған арнаулы жастар бетін (бір кезде «Армандастар» деген жастар беті болды) ұйымдастыру тәжірибесінің  бастауында  газет ардагері Кенжебай Назаралин тұрады.

Соңғы кезде  табылған тағы бір дерекке қарағанда,  сол уақытта   Ақтөбе қаласында «Шаруа мұңы»  деп аталатын  газет шығару жайы сөз болған екен.Қолымыздағы бұл құжат — «Шаруа мұңы»  газеті редакциялық алқасы отырысының хаттамасынан жасалған көшірме. Қатысқандар — Айтжанов, Құрбанаев,  Нұрпейісов, Қауымбаев және Назаралин. Жиналыс төрағасы — Айтжанов,  хатшысы — Нұрпейісов.

Тыңдалған 1-мәселе: «Шаруа мұңы»  газетінің мөлшері туралы. Бұл бойынша: газеттің мөлшерін кіші форматта 4 бет етіп шығару туралы қаулы алыныпты.

2-мәселе: газетті бөлімдерге бөлу туралы. Бұл жөнінде «Шаруа мұңы»  газетінде мынадай бөлімдер ашылсын деп қаулы етілген: 1) басмақала; 2) саяси бөлім; 3) ауыл шаруашылығы бөлімі; 4) оқу-ағарту; 5) әдебиет бөлімі; 6) заң бөлімі; 7) ресми бөлім; 8) ауыл хаттары бөлімі.

3-мәселе: газеттің бірінші нөмірін шығару туралы. Бұл туралы былай деп қаулы етілген: Бірінші нөмірді БКП(б) укомының пленумы қарсаңында, яғни 1926 жылғы 15 ақпанда шығару қажет.  Осы қаулының екінші тармағы етіп, «жоғарыда көрсетілген  бөлімдердің  тақырыптарының дәрежесін жазу және 1926 жылғы 10 ақпандағы редакциялық алқа отырысына ұсыну мына жолдастарға тапсырылсын»  деп төмендегі адамдардың аты-жөні көрсетілген: Қауымбаев, Қонақбаев, Назаралин, Айтжанов, Гайко, Нұрпейісов.

Осы құжаттың үстіне  қара сиямен әлдекім 1926 жылғы 13 наурызда «Бұл жайында кімнен сұрауға болады және газет қай тілде шығады» деп бұрыштама соғыпты. «Шаруа мұңы»  газетіне қатысты бұдан басқа дерек әзір кездесе қойған жоқ және де Ақтөбе өңірінде нақ осы кездеқазақ тілінде «Кедейден» басқа газет шықпағаны белгілі(бастамашылар ішінде  Назаралиннің  де жүруі  қызығушылық тудыратыны сөзсіз).

Жалпы Кенжебай Назаралин сынды «кедейлік» қайраткердің өмір деректері, қызмет жолы  әлі де белгісіздеу. «Социалистік жол» газетінің отызыншы жылдардағы бір нөмірінен К.Назаралинің теміржол саласына қатысты «Қысқа дайындық жоқ» деген мақаласы кездесті. 1941 жылғы 8 наурызға арналған мерекелік нөмірде «Төлебике» деген өлеңге К.Назаралин деп қол қойылған.

«Кедей» («Социалистік жол») өзі тәрбиелеп шығарған газетшінің бірі ырғыздық Қазыбек Әзірмәмбетов (1908-1937) еді. Ол журналистік жолын ауыл тілшісі болудан бастады.  Газеттің шыға бастағанына бес жыл толуына орай шығарылған арнаулы нөмірде  (1929) «Тілші Қазыбек Әзірмәмбетұлы» деген бас тақырыппен шағын мәтін мен суреті жарияланды.  Осы ақпаратта жас тілші — газеттің болашақ қызметкері басылымға байыпты баға береді; газеттің сапалық тұрғыда өскенін айтады.

Ертерек (29 жасында),  ауырып қайтыс болған Қазыбек Әзірмәмбетовтің аққан жұлдыздай ғұмырының белгілі баяны — оның Ақтөбе педагогикалық техникумының алғашқы түлектерінің бірі екендігі.

Округ ажыраған соң, Кәрім Ержанов екеуіЫрғыз аудандық«Шаруа тілі» газетін ұйымдастырады (Бүгінде оның есімі  Ырғыз аудандық газетінің тұңғыш редакторы ретінде  мәлім).

Қазыбек кейін «Социалистік жол» газетіне ауысып, газеттің  әуелі тілшісі, кейін бөлім меңгерушісі болып, шаруашылық тақырыбына, ішінара әлеуметтік мәселелерге арналған  мақалаларыменжиі көрінді. Ол өз туындыларының соңына «Әзірмәмбетұлы», «Қ.Ә.», «Қ.Ә.ұлы», «Қазыбек» деп қол қойып отырды.

1932 жылы Ақтөбеде облыстық «Социалистік жол» газеті ашылған кезде жауапты редактордың орынбасары лауазымына Мұхамеджан Құлмағамбетұлы (Құлмағамбетов) (1907-1937) есімді азамат  келді.

Ол Қостанай өңірінің тумасы еді; Оның жеке карточкасындаекі сыныптық мектепті бітіргені және малдәрігерлік-зоотехникалық техникумның бірінші курсында оқығаны туралы мәлімет кездеседі. 1927 жылы  партияға өткен.

Еңбек жолын 1925 жылы бірінші басқыш мектепте мұғалім болып бастайды, сол кездегі қызыл отауды басқарады, Меңдіқара аудандық комсомол комитетінің хатшысы болады. Газетшілік жолы 1929 жылы Қостанайдың «Ауыл» газетіне (жауапты) хатшы болып келуінен басталады. Кейін біршама уақыт «Ауыл» газетіне  редактор  да болады. 1930 жылы округ ажыраған соң, газетпен бірге Торғайға  қоныс аударады.

Мұхамеджан Сералиннің, Бейімбет Майлиннің қолтаңбасы қалған, шығармашылық дәстүрі сақталған басылымның түлегі отызыншы жылдары ақтөбелік әріптестерімен бірге жаңа газеттің қаз  тұрып, қалыптасуына қалам қуатын қосты.

«Социалистік жол»  газетінің  осы жылдардағы нөмірлерінен сирек те болса, Мұхамеджан Құлмағамбетұлының қаламынан туған жарияланымдарды кездестіруге болады. Ол, негізінен, «М.Құлмағамбетұлы» деп  қол қойып, партия тұрмысы, ішкі идеологиялық қызмет, еңбекшілерді кеңестік рухта тәрбиелеу  бағытында көбірек қалам тербеді. Өзіндік ойларын «Партияның ұйымдастыру көпшілік жұмысын елемеушілікке жол берілмесін», «Қазақстанда ұлт мәселесі», «Қалқоздың өндіріс бригәділерін нығайталық», «Көпшілік арасындағы саясат жұмысын жоғары сатыға көтерейік» және т.б. осы сияқты мақалаларында орнықтырып отырды.

Мұхамеджан «Социалистік жол» газетін Тумыш Сарғожаев,  Меңетай Жақсылықов басқарған жылдары редактордың орынбасары болып істеді.

Мұхамеджан Құлмағамбетұлы кейінірек жаңа облыстағы, жаңа мәртебеге ие болған «Қарағанды пролетариаты» газеті редакторының орынбасары болып тағайындалды. Осы қызметінде жүргенінде 1937 жылғы 4 тамызда НКВД органдары дәстүрлі «халық жауы» деген желеумен тұтқынға алды. Сол жылғы 22 қарашада ату жазасына кесілді.

Мұхамеджан Құлмағамбетовтен кейін, 1934 жылдың орта шенінде  Есіркеп Қалымбетұлы (Қалымбетов) (1905-1938) «Социалистік жол» газеті редакторының  орынбасары болды.

Есіркеп Қалымбетов —тәжірибелі, танымал  газетші. Ол 1930 жылы Бейімбет Майлин, Жанайдар Сәдуақасов, Ғаббас Тоғжановпен бірге Қызылордада «Жаңа әдебиет» журналын шығаруға қатысты.  1932 жылы Қызылжарда  Қарағанды (Солтүстік Қазақстан) облыстық  «Ленин туы» газетінің редакторы болды. Есіркеп Ақтөбе облыстық газетіндегі редактордың орынбасары  лауазымында 1935 жылдың аяқ шеніне дейін болды. Бұдан кейін Қарағанды облыстық «Қарағанды пролетариаты» газетінде еңбек етті, сонда  жүргенде «1937»-нің құрығына ілініп, «халық жауы» деген айыппен ату жазасына кесілді.

Екінші дүниежүзілік соғыс басталған кезде қаламын қаруға айырбастап, майданға аттанған, от кеудесін оққа төсеп құрбан болған Ахмет Ескендіров (1901-1944) (ататегі алғашқы жылдары «Іскендіров» деп жазылып жүрді) «Социалистік жол» газетінің мәдениет бөлімінің меңгерушісі, республикаға танымал ақын, журналист еді.

Басқа замандастарына қарағанда, Ахметтің өмірі мен шығармашылығы бүгінгі ұрпаққа  біршама таныс. Шығармалары әдеби-ғылыми айналымға түскен. Журналистік еңбектері де жинақталған.

Баласы Темірболаттың құрастыруымен 2011 жылы Ақтөбеде Ахмет Ескендіровтің «Қазақстан-Гүлстан» жинағы басылып шықты. Оған өлеңдері мен мақалалары енгізілді.  Бұдан кейін 2012 жылы Темірболат Ескендіровтің «Ахмет ақын» деген жинағы жарық көрді, онда ақын туралы мақалалар мен  естеліктер жинақталды.

«Социалистік жол» газетінің алғашқы қызметкерлерінің бірі, газеттің мәдениет бөлімінің меңгерушісі Ахмет Ескендіров 1938 жылы халық ақыны Нұрпейіс Байғаниннің әдеби хатшысы болып тағайындалды. Зерттеушілер Нұрпейіс шығармаларының бүгінгі күнге жеткен көп те көрнекті бөлігі Ахметтің қолымен жазып алынғанын айрықша атап өтеді.  Ол Нұрпейіс Байғаниннің алғашқы кітабының жарыққа шығуына тікелей атсалысты.

Газеттің сарғайған парақтарынан Ахметтің «Жаманғара – делегат», «Қажырлы қарт», «Аққұдық» әңгімелері, «Стахановшы токар», «Шүйіншәлі қарт», «Кен құшағындағы қалқоз», «Мұқаш Нұралин», «Төлегеннің әңгімесі», «Тың күш, тынық талант», «Облыста олимпиада болып өтті», «Соғыс өнерін үйренудің бір күні», «Литвинов» қалқозының қырманында» (Ақбас Дүйсенбаевпен бірлесіп жазған) мақалалары, «Айман-Шолпан» пьесасы туралы  рецензиясы  кездеседі.  Бұлардың бірсыпырасы  бүгінгі қаріпке түсіріліп, оқырманға жетті.

Ахметтің 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысының 20 жылдығына орай жазған циклды мақалалары газеттің бірнеше нөмірінде жарияланды. Осы тақырыпқа арналған «Июнь жарлығы», «Ұстасқан кек», «Теректі оқиғасы», «Алынған кек»  сияқты шығармалары  газет мақаласынан гөрі көркем шығармаға көбірек ұқсайды.

Сондай-ақ 1940 жылы Қанафия Мұстафинмен бірлесіп жазған, даңқты тары өсіруші Шығанақ Берсиев туралы «Толқыннан туған»  көлемді еңбегі газеттің бірнеше нөмірінде жарияланды. Бұл — әлемдік рекорд жасаған ойылдық еңбек ері жайында жазылған алғашқы күрделі шығарманың бірі. Мұндағы кейбір жайттардың кейінгі көркем-публицистикалық шығармаларға  деректік материал бола алғаны күмән тудырмайды.

Танымал ақын газетте «Өмірбектің өмірі» поэмасынан үзінді, «Алтын бесік» толғауы, «Киров», «Чкалов», «Бақыттың асқан биік шыңындамыз», «Қазақстан», «Көктем», «Дауылпаз»,  «Отан үшін», «Бәрі де ерлер үшін»  сияқты өлеңдерін жариялады.

Соғыс басталған кезде, әскерге шақырудан ресми босатылғанына қарамастан, өзі сұранып майданға аттанған, 1944 жылы Чехия-Словакия жерінде  ерлікпен қаза тапқан Ахмет Ескендіровтің жедел жазылған «Әділ іске жан құрбан»   өлеңінен  оның отаншыл азаматтық тұлғасын көруге болады:

Әділ іске әркім де,

Шыбын жанын қияды.

Тұрмаған жан сертінде

Ар, намысын жояды.

 

Жау алдында бас имеу —

Қас батырдың салты ол.

Жауды жеңу, жеңілмеу —

Ар-намыстың шарты ол.

 

Ашу, ыза, намыс, кек,

Ер қайратын тасытар.

Қорқу, сасу, не керек,

Жігеріңді жасытар.

 

Қайрат, ерлік, өжеттік,

Біздің ерге болған тән.

Ел қорғауға ант еттік

Қалғанынша тамшы қан.

 

Әйел, еркек, бәрі де,

Қатуланды, сұстанды.

Отан үшін кәрі де

Қолға мылтық ұстанды.

 

Жаудың үні өшкенше,

Қолдан мылтық сусымас.

Фашист құрып біткенше

Атар  оғым таусылмас.

 

Әділ іске жан құрбан —

Осы біздің антымыз.

Отаныңа бол қорған

Деді: көсем, халқымыз…

Серікқали БАЙМЕНШЕ,

филология ғылымының докторы,

Қазақстанның құрметті журналисі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button