Пікір

Көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту — маңызды қадам

Жаңалық АХАШ, Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде бірқатар өзекті мәселелерге тоқталды. Оның ішінде білім, денсаулық сақтау, жүк тасымалы секілді бағыттар бойынша ауқымды жобалар туралы айтылды. Президент ел аумағында халықаралық әуе хабын құру — көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамытудың перспективалық бағыты болуға тиіс екенін айтып өтті. Үкіметке жүк және жолаушылар терминалдарын, логистикалық орталықтар мен заманауи сервистерді қамтитын тұтас экожүйені құру, жүктерді тасымалдау бойынша барлық рәсімдерді жеңілдету және авиаотынның бағалық қолжетімділігін қамтамасыз ету тапсырылды. Президенттің бұл тапсырмасын оң стратегиялық шешім деп ойлаймын. Себебі қазіргі уақытта көлік-логистика саласы экономиканы дамытуда маңызды рөл атқарады. Мәселен, біздің Ақтөбе қаласында соңғы жылдары әуе хабын құру туралы айтылып келді. Яғни әуе хабы құрылса, жүк тасымалы саласындағы бірқатар мәселе шешімін табады. Осы саладағы шығын азайып, бәсекеге қабілеттілік артады. Логистика саласының дамуы қауіпсіздік шараларын да күшейтуді талап етеді. Сондықтан Президент қауіпсіздік кеңесінің жеке отырысында осы мәселе көтерілетінін айтты. Бұл мәселені жан-жақты талқылауға, жүйелі шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button