Автомобиль жолдары жақсара түседі
Асылбек ЕСЕНБАЕВ,
Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша Ақтөбе облысындағы нормативтік жағдайдағы жергілікті маңызы бар автожолдардың үлесі 78 пайызға жетті.
Жергілікті маңызы бар жолдардың сапасын арттыру мақсатында өткен жылы 193 жобаны іске асыру көзделді. Оның ішінде 68 жергілікті маңызы бар жол жобасы және 125 қалалық және ауылішілік жол жобалары қамтылды. Бұл ретте 303 көшеге асфальт төселді.
Жалпы, 2024 жылдың қорытындысы бойынша өңірде 500 шақырымнан астам жол жабындысы (асфальт және негіз) төселді.
Облыс орталығы Ақтөбе қаласында 200-ден астам немесе 65 шақырым көше нормативтік жағдайға келтірілуде.
Облыс тұрғындары мен жолаушылар үшін бір маңызды мәселе халықаралық Самара-Шымкент автожолының «Ақтөбе-Хромтау» бағытына қатысты.
Бүгінде 2 учаске бойынша барлық қажетті құжаттама әзірленді. Ақтөбе қаласының Өлке тұрғын алабынан Хромтау ауданы Ақжар ауылына дейін учаскеде (791-819 (28 км) 4 жолақты тас жолдың негізін салу және коммуникацияларды қайта құру жұмыстары басталды.
Екінші учаскенің (763-791 км (28 км) мердігерін анықтау бойынша конкурстық рәсімдер өткізілуде.
Хромтау ауданы Ақжар ауылынан Әйтеке би ауданы Ұлғайсын ауылына дейінгі учаскелеріне қажетті құжаттама әзірленуде.
Қаражат бөлінбеген учаскелерін ҚР Көлік министрлігімен халықаралық қаржы ұйымдары қаражаты есебінен іске асыру жоспарлануда.
Сонымен қатар, республикалық Орталық-Батыс көлік дәлізінде орналасқан «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» (401 шақырым) республикалық автожолын орташа жөндеу жалғасуда. Қазіргі уақытта, 25 шақырым пайдалануға берілді.
Бұған қоса, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Атырау облысымен байланысатын 90 шақырымдық республикалық маңызы бар «Ақтөбе-Қандыағаш» автожолының құрылысы аяқталды.
Биылғы өңірдің транзиттік әуелетін бұдан әрі дамыту мақсатында «Қандыағаш-Ембі – Шалқар-Ырғыз» республикалық автожолының 110 шақырымы аяқталады.
Биылғы 2025 жылы нормативтік жағдайдағы автожолдардың үлесін 80 пайызға жеткізіледі. Осы мақсатта құны 44,7 миллиард теңге болатын 101 жобаны іске асыру көзделуде.
Сондай-ақ, өңір үшін маңызды республикалық «Ақтөбе-Қарабұтақ-Ұлғайсын» автожолының 6 учаскесін қайта жаңарту жоспарда бар.