Пікір

Бюджеттік тәртіп қатаң болуға тиіс

Гүлқасима СҮЙІНТАЕВА,
облыстық мәслихат төрағасы.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде бюджеттік тәртіпті қатаң сақтау қажеттігін атап өтіп, елде толық үнемді режим енгізілгенін мәлімдеді. Ол Үкіметке экономикалық тоқыраудың алдын алу және оның тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін күрделі шешімдер қабылдауға тура келетінін атап өтті.
Президент оң нәтижелер мен экономикалық өсімге қарамастан, Үкімет қаржының тек ең өзекті мәселелерді шешуге жұмсалуын қамтамасыз етуге тиіс екенін атап өтті. Мемлекет басшысы өз мүмкіндігімізбен өмір сүретін және бюджет қаражатын тек ең өзекті мәселелерді шешуге жұмсайтын уақыт келгенін жеткізді.
Расында да, қазіргі экономикалық сын-қатерлер жағдайында әрбір теңгенің қоғам игілігіне қызмет етуі маңызды. Бюджетті бекітуге депутаттық корпус тікелей қатысады.
Облыстық мәслихаттың төрағасы ретінде жұмысымның алғашқы күндерінен бастап әріптестеріме қаржының барынша ұтымды жұмсалуын қамтамасыз ету, шұғыл көмекті қажет ететін және нақты салаларға қолдау көрсету міндеті тұрғанын айтып келемін. Себебі бұл аймақ тұрғындарының әл-ауқатына тікелей әсер етеді.
Бір сөзбен айтқанда, басымдықтарды дұрыс белгілеу өте маңызды. Бюджеттің 60 пайызға жуығы әлеуметтік қажеттіліктерге жұмсалса, оның айтарлықтай бөлігі білім саласына бөлінген. Бұған мектептерді ұстау, мұғалімдерге жалақы төлеу, оқулықтар сатып алу және техникалық қолдау кіреді. Біз инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлеміз.
Біздің мақсатымыз — әрбір елді мекен, мейлі ол қала болсын, мейлі ауыл болсын, заманауи абаттандыруға қол жеткізуге тиіспіз. Оның қатарында таза ауызсу, газ, сапалы жол бар. Сондай-ақ ауыл инфрақұрылымын дамыту өте маңызды, өйткені біздің азаматтардың көпшілігі өңірлерде тұрады және олар үшін сапалы инфрақұрылымның маңызы айрықша.
Біз шағын және орта бизнесті қолдау, ауыл шаруашылығын дамыту, инвестиция тарту бағытында белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Біз әрбір бюджеттік шешім халықтың тұрмысын жақсартуға көмектесуі тиіс екенін түсінеміз, ал мәслихат депутаттары жоғары нәтижеге қол жеткізу үшін шығындарды жан-жақты зерттейді. Үш жылдық кезеңге арналған бюджетті қарастырып, шығыстардың тиімділігіне талдау жасаймыз.
Бұл тәсіл бюджеттік тәртіпті бақылауды жоғалтпай маңызды және басым жобаларға қаражат бөлуге мүмкіндік береді.
Тек бірлескен күш-жігер, бастамашылдық, ашықтық пен кәсібилік таныта отырып, біз Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді жүзеге асырып, өңірдің және еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз ете аламыз.
Жалпы, Мемлекет басшысының сөйлеген сөзінде қатаң бюджеттік тәртіп, экономиканың негізгі салаларын дамыту және жаһандық өзгерістерге бейімделу арқылы Қазақстанның экономикалық тұрақтылығын нығайтуға деген ұмтылыс көрсетілген.
Президентіміз өз сөзінде мүмкіндігімізбен өмір сүріп, ресурстарды басым салаларға бағыттау қажеттігін баса айта отырып, елімізді тұрақты дамытудың басым бағыттарын белгілеп берді. Алдағы уақытта біз осы бағыттан айнымай, нәтижелі жұмыс жасауға тиіспіз.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button