Мәдениет

Шәмші рухына тағзым

Ән кеші

Қарғалы ауданы Шәмші ауылында Қазақстанның халық әртісі Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне орай еске алу іс-шарасы өтті.

Әуелі «Шәмші» қорының төрағасы Бақыт Ғизатов бастаған ел азаматтары ақын ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, ұлы сазгердің рухына тағзым етті.

— Арыстың жағасынан түлеп ұшқан Шәмші бүкіл қазақ даласын әнмен әлдиледі. Шәмші Қалдаяқовтың ән мұрасы бүгінде ұлтымыздың мәңгі өшпес рухани құндылығына айналды. Оның рухына тағзым ету — біздің перзенттік парызымыз, — дейді «Шәмші» қорының төрағасы,  ардагері Бақыт Ғизатов.

Іс-шара барысында  Шәмшінің мерейін асқақтату жолында талай іске бастамашы болған Қайырғали Арыстанғалиев сөз сөйлеп, «Қазақ вальсінің королі» атанған сазгер туралы естеліктерімен бөлісті.

Тағылымды іс-шара Петропавл, Шәмші ауылдық Мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты. Кеш барысында сазгердің «Ана туралы жыр», «Сыған серенадасы» сияқты ел жадынан өшпестей орын алған әндері шырқалды.

Бақыт ИМАШЕВ,

Қарғалы ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button