Денсаулық

Денсаулық сақтау саласы мәселелері талқыланды

Медицина

Осы жылдың 6 айындағы денсаулық сақтау саласының көрсеткіштері облыс әкімінің орынбасары Абзал Әбдікәрімовтің төрағалығымен өткен медицина қызметкерлерінің отырысында талқыланды.

Абзал Әбдікәрімов облыс басшылығының денсаулық сақтау саласына көп көңіл бөлетінін атап өтті.

— Мен облыс орталығының барлық медициналық мекемелерінің материалдық-техникалық базасымен танысып шықтым. Бірнеше жыл бойы шешімін күткен бірқатар проблемалық мәселелер жеке бақылауға алынды. Пациенттерге көмек көрсету сапасы сала қызметкерлеріне жасалатын жағдайларға тікелей байланысты. Сондықтан саланы дамыту — біздің ортақ мақсатымыз,—  деді А.Әбдікәрімов.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрбол Тымпиев клиникалар бөлінісінде қол жеткізілмеген көрсеткіштерге тоқталды. Осылайша 6 айдың қорытындысы бойынша бірқатар медициналық мекемелерде жаңа туған нәрестелерді тасымалдау, әйелдерді прегравидальды даярлау, скринингтік тексеруден өту деңгейінің төмендігі, сондай-ақ дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету сияқты қызметтердің жағымсыз статистикасы байқалады.

Облыс әкімінің орынбасары бірқатар ауруханалардың бас дәрігерлерінің жұмысын сынға алды. Халықтың медициналық қызмет көрсетуге деген қанағаттану деңгейінің төмендеуі, мекемелердің кредиторлық берешегінің барын айтты. Абзал Әбдікәрімов жыл соңына дейін жұмыстарды реттеу үшін мүмкіндік беретінін алға тартты. Егер жағдай қайталанса, тиісті шаралар қабылданады.

Жиын барысында орталықтарды медициналық техникамен жабдықтау және ауылдық жерлерде денсаулық сақтау объектілерін салу жоспарлары да айтылды.

Алқа мүшелері, соның ішінде облыстық мәслихат депутаттары, денсаулық сақтау саласының ардагерлері халыққа медициналық қызмет көрсетуді жақсарту жөнінде ұсыныстарын жеткізді.

А.Ілиясқызы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button