Білім

 «Цифрлық мектеп» — білім берудегі жаңа бағыт

Ақтөбе қаласындағы Д.Қонаев атындағы орта мектепте«Digital Kazakhstan: Жаңа замандағы білім беру» педагогтердің облыстық тамыз саммитінің «Цифрлық мектеп» тақырыбында панельдік секциясы өтті.

Заманауи цифрлық мектепті құру мен мектептің басқару жүйесін жетілдіру, жасанды интеллект технологияларын оқу процесінде қолдануды жүзеге асыру мақсатында өткен секция отырысына облыс мектептерінің директорлары және олардың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Облыстық білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан қазіргі білім беруде жасанды интеллектіні қолданудың маңызы жайында сөз етті.

Сондай-ақ панельдік секцияда білім беру ұйымдарында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асырудың жайы  талқыланды. Бұл туралы облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Бертілеуова баяндады. Секция отырысының күн тәртібінде «Қауіпсіз мектеп» және бірыңғай даму тұжырымдамасы «Alaqan» экожүйесі, жасанды интеллекттен қорғау palm id көмегімен» тақырыбын «Alaqan Technologies» ЖШС-ның атқарушы директоры Аслан Төлегенов жан-жақты түсіндіріп берді.

Жиналғандарға «Ұлттық Ұстаз» онлайн академиясының құрылтайшысыГүлмира Қорғанбаева «Қазіргі заманғы білім беру ұйымдарының модельдері» тақырыбында тәжірибесімен бөліссе, Қобда аудандық білім бөлімінің басшысы Талғат Әбен «Заманауи цифрлық мектепті құру» тақырыбында сөз сөйледі. Ол өз сөзінде жасанды интеллектіні пайдалану арқылы оқушылардың білім алуға белсенділігін арттыру, мұғалімдерге сабаққа дайындалудағы жүктемені азайту мәселесін ортаға салды.

Секция отырысына қатысушыларға электрондық оқулықтар платформасы туралы практикалық жұмыстар да көрсетілді. Бұл жайында «Алматыкітап» баспасының вице-президенті Гүлнұр Құдайберген «Оpiq.kz. білім беруде цифрлық технологияларды қолданудың озық тәжірибелері және практикаларымен алмасу» тақырыбында сөз етті.

Арайлым НҰРБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button