Денсаулық

Балалар ауруханасына жаңа аппарат әкелінді

Облыстық көпсалалы балалар ауруханасында жаңа магниттік-резонанстық томография аппараты пайдалануға берілді. Аппараттың бір ерекшелігі, 30-40 минутқа созылатын тексерістерді  бүлдіршіндерді ұйықтатпай жасауға мүмкіндік береді.

Жапонияда шыққан заманауи аппараттың дыбысы да шықпайды. Аталған аппараттан үш күнде 10 бала тексерістен өткен. Оның ішінде туғанына екі күн болған сәби де бар. Мрт-ның іске қосылуына облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрбол Тымпиев қатысты.

— Бұндай аппарат біздің облыс тұрғындары үшін өте қажет. Себебі аппарат бала денесіндегі ауруды толық анықтауға мүмкіндік береді. Жалпы  жылдың соңына дейін облыстың медициналық ұйымдарына 75 құрал-жабдық сатып алынады, — деген басқарма басшысы дәрігерлердің жұмысына сәттілік тіледі. Жаңа аппаратпен Астанадағы арнайы орталықта оқып келген радиолог жұмыс істейді.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button