Пікір

Басты мақсат — ынтымақтастықты нығайту

Әлішер ТЫНЫШТЫҚ,

Amanat партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанаты

Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия ренессансы: орнықты даму және өркендеу жолы» атты мақаласында  бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау ұзақ мер­зім­ге арналған өркендеу мен даму­дың маңыз­ды алғышарты екендігін айтты. Президент ең алдымен Орталық Азия мемлекеттері арасында өзара ынтымақтастықты нығайтып, аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған бірлескен қадамдарды жасау мәселесіне тоқталды.

Геосаяси белгісіздік белең алып, әлем­дік тәртіптің қалыптасқан үлгісі ыды­рап тұрған қазіргі жағдайда ынтымақтастықты нығайту өте маңызды. Біздің болашағымыз бірлігі­міз­ді ны­ғайтуға, өзара сенімді арттыру­ға және барша әлемге ашық болуға байла­нысты. Осы қағидаттардың не­гізінде ға­на біз Орталық Азияның серпінді, ин­но­вациялық және мәде­ни бай өңір ре­тін­дегі ренессансын қамтамасыз ете аламыз.

Мемлекет басшысы айтқан негізгі қағидаттарды қолдай отырып, жастар ұйымының көшбасшысы ретінде ел бірлігін нығайту жолында аянбай қызмет етеміз. Біздің алдымызда тұрған міндеттер мен мүмкіндіктер орасан. Біртұтас ұлт ретінде Орталық Азияның жарқын болашағын қалыптастыруға қолдан келгенше үлес қосамыз.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button