Жастар

«Jumystap» әлеуметтік жобасы іске қосылады

Бүгінде жастарға жұмыс табу мүмкіндіктері көбейген. Тек ынта-жігер, ниет болса, жетіп жатыр. Өңірде басталғалы отырған «JUMYSTAP»әлеуметтік жобасы арқылы әрбір адамның, оның ішінде жұмыссыз жастарға бос жұмыс орындарын таңдауға және қол жеткізуге мүмкіндігі бар. Аталған жоба аймақта 12 тамызда — Халықаралық Жастар күнінде іске қосылмақ.

Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Мирхан Ермағанбетов өңір жастарын жұмысқа орналастыру мәселелерін шешуге бағытталған «JUMYSTAP»жобасының басталуына қазір дайындалып жатқандарын айтты.

Жоба шеңберінде жұмыс іздеу, мемлекеттік қолдау шаралары, бизнес ашу үшін өтінімдер беру, тұрғын үйге немесе жерге кезекке қою және басқа да мәселелер бойынша тегін консультациялар өткізу жоспарда бар. Қазір мұндай жоба Астана қаласында жүзеге асырылып жатыр, әрі өзініңтиімділігінкөрсетті.Ендіосындай жобаны біз Ақтөбе жастарына арнапіске асыруды жоспарлап жатырмыз, — деді Мирхан Ермағанбетов.

Жоба қалалық әкімдік пен еңбек мобильдігі орталығы бірлесіп іске асыратын болады. Ал оператор ретінде облыстық жастар ресурстық орталығы анықталған.

Жоба аясында облыстық жастар ресурстық орталығының мамандары азаматтарға елімізде жастарды мемлекеттік қолдау  мәселелері бойынша нақты кеңес беріп, жөн сілтемек. Бұл жерде негізгі басымдық қалаға беріледі. Өйткені аймақтағы 270 мың жастың 170-тен астамы облыс орталығында тұрады, — деді басқарма басшысы.

Оның айтуынша,«Атамекен» өңірлік кәсіпкерлік палатасымен арадағы ынтымақтастық аясында бұл бағыттағы мәселелерді пысықтауға кіріскен. Яғни палата арқылы жергілікті бизнес-қоғамдастықпенбайланысорнататынболады.

Кәсіпкерлер жоба арқылы тікелей бос жұмыс орындарын ұсынатын болады.Сонымен қатар бұл мәселе Ақтөбеөңірі бойынша бос жұмыс орындарының толық базасына қол жеткізуге мүмкіндік берген электронды еңбек биржасы арқылы да пысықталды,—деді Мирхан Ермағанбетов.

Басқарма басшысы бұл орайда «Халық»  қайырымдылық қорының қолдауымен бес модульдік пунктті тегін беріп отыр. Мұндай пункттер Ақтөбе қаласы бойынша адамдар көп жиналатын орындарға орналастырылмақ.

Модульдік пункттерде мамандар халыққа тегін кеңес береді. Біз бірінші кезекте жастардың NEET буынын қамтығымыз келеді.Олар — ешбір жерде жұмыс істемейтін және оқымайтын жастар.Біз оларға жұмыс іздейміз, қысқа мерзімді мастер-кластарға қатыстырып, қандай да бір дағдыларды игеруін қарастырамыз.Мұндай жастардың мемлекеттік қолдауды пайдалана отырып, өзінбизнесте сынап көруге әлі де мүмкіндігі бар. Ол үшін алдымызға келген әрбір жасқа жан-жақты кеңес, нақты мәлімет беріледі. Себебі мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауларды жастардың бәрі бірдей біле бермейді. Қазір кейбір жастар күнделікті табатын қаражатпен күнелтіп жүр. Әрине, кім-кімге де әлеуметтік және зейнетақы аударымдары бар тұрақты жұмыс орнының болғаны жақсы. Осындай еңбектің алға нақты мақсат қоюда қауіпсіз екенін де жан-жақты түсіндіретін боламыз. Аймақта «JUMYSTAP»әлеуметтік жобасын халықаралық жастар күнінде іске қосуды жоспарлап отырмыз, — деді Мирхан Ермағанбетов.

Арайлым НҰРБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button