АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА ҚАЛАЙ ӘЗІРЛЕНЕДІ?

№7 Хромтау мектеп-гимназиясы базасында «Авторлық бағдарлама әзірлеу» тақырыбында шебер-сынып сағаты өткізілді.
Информатика пәнінің мұғалімдері Данила Бақтыбаева мен Толқын Жақсыкелдинаның ұйымдастыруымен өткізілген шебер-сыныпқа мектептің жас мамандары қатысты.
Авторлық бағдарлама — түрлі функцияны орындайтын құжат болғандықтан, оның рәсімделуі де талаптарға сәйкес болуға тиіс. Авторлық бағдарламаны мектептің білім беру үрдісіне енгізу үшін ішкі, сыртқы рецензия алу, апробация сияқты бірқатар іс-әрекеттерді қамтиды. Ішкі рецензия — әдістемелік кеңес, әдістемелік бірлестікте талқылау болса, сыртқы рецензия — ғылыми-әдістемелік ұйымдар, мамандардан алу. Ал апробация эксперимент түрінде танысу. Апробация нәтижесінде бағдарламаны жетілдіру үшін ұсыныс жасауға болады. Апробациядан қыркүйектен наурызға дейін өткені дұрыс. Бұл кезде мұғалім түзету енгізуге мүмкіндік алады. Рецензия беріледі, апробация жақсы нәтиже бергенде іске асады. Әдістемелік кеңес авторлық деп танылған бағдарламаны қолдануға ұсынып, білім беру ұйымының басшысы бекітеді. Авторлық деген мәртебені, ереже бойынша, білім беруді басқарудың жоғары органы тағайындайды.
Шебер-сыныпта авторлық бағдарлама туралы осындай түсінік беріліп, бағдарламаның құрылымы мен мазмұнын көрсету, оны әзірлеу кезінде жіберілетін қателіктердің алдын алу, сапалы бағдарлама дайындау жайы түсіндірілді.
Іс-шараға қатысушылармен «Сағат тілі» атты тренинг те ұйымдастырылды.
Сәнімгүл ЕСЖАНОВА,
№7 Хромтау мектеп-гимназиясының мұғалімі.