Құқық

Кездесті. Кеңес берді

Семинар

Кәсіпкерлікті қолдау орталығының кеңес берушілері аудан кәсіпкерлері үшін семинар-кеңес өткізді.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның облыстық филиалы жанынан құрылған бұл орталықтың мамандары Алға ауданының әкімшілігімен және «GRAND PROОFF» ЖШС консалгтингтік компаниясымен бірлесе отырып аудан кәсіпкерлерімен кездесті.

Шара барысында кәсіпкерлікті қолдау орталығының кеңес берушісі Нұрлан Елтеков жергілікті кәсіпкерлерге «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы бойынша банк несиесінің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау және оларға банктік несие бойынша кепілдік беру, кәсіпорындарға инфрақұрылымдық қолдау көрсету шарттары мен механизмдері, сондай-ақ, бағдарламаның «Кәсіпкерлікті әлеуетті күшейту» атты төртінші бағыты аясындағы қаржылық емес қолдау шаралары туралы айтып берді. Сонымен қатар, мүдделі кәсіпкерлерге жеке кеңестер берілді.

Семинар-кеңеске Алға ауданының халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері қатысып, семинарға қатысушыларға «Жұмыспен қамту — 2020» бағдарламасы аясында ауылдық кәсіпкерлерге кәсіпкерлік қызмет негіздерін оқыту және оларға шағын несие беру жөніндегі мемлекеттік қолдау шаралары туралы баяндап берді.

Берік НҰРҒАЛИЕВ,

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры облыстық филиалының бас менеджері.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button