Денсаулық

«Медикер Елек» медициналық орталығы ашылды

Ақтөбенің Алтын орда шағын ауданында  «Медикер Елек» медициналық орталығы ашылды.

Бұл орталық 2017 жылдан бері қала тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсетіп келеді.

Орталықтың салтанатты ашылуында «Медикер» ЖШС төрағасы  Анар Жұмаханова жиналғандарды ғимараттың ашылуымен құттықтады. Сондай-ақ облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Тәттігүл Талаева, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Мұратжан Қажғалиев өз лебізін білдірді.

«Медикер Елек» ЖШС директоры Азамат Құрмалаевтың айтуынша, медициналық орталық бұған дейін қаланың өзге шетіндегі ғимаратты жалға алып келген. Ал бүгін өзінің жеке ғимаратына көшті.

— Алтын орда ауданының халқына медициналық көмек көрсетуге дайынбыз. Біз өз тарапымыздан барлық жағдайды жасап жатырмыз. Жаңа аппараттар сатып алынды. Мамандардың тәжірибесі мол, біліктілігі жоғары. Тұрғындар медициналық сақтандыру, кепілдендіріліген  медициналық көмек аясында да қызмет ала алады. Алдағы уақытта орталықтың жұмысын әрі қарай кеңейткіміз келеді. Амбулаторлы хирургия орталығын ашып, шағын операциялар жасау жоспарда бар. Осы мақсатта ғимарат салынып жатыр. Жылдың аяғында ашылу салтанаты болады, — деді серіктестік директоры.

Қазіргі таңда орталықта жүзден астам маман жұмыс істейді. Емдеу мекемесі бір ауысымда 150 адамды қабылдай алады. Тұрғындарға уролог,гинеколог,кардиолог, кәсіптік патологжәнепульмонолог,аллерголог, педиатр секілді мамандар жоғары сапалы қызмет көрсетеді. Ғимараттың ашылуына келген қонақтар орталық мамандарымен тілдесті, жаңа аппараттарды көрді. Дәрігерлердің жұмысына сәттілік тіледі.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button