4 көшеге асфальт төселеді
Биыл жоспарға сәйкес Ащылысай ауылындағы Б.Момышұлы, Панфилов, Қазақстан және Каструбина көшелері жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жұмысты жүргізген жауапты мердігер компания — «Бабәк-Құрылыс» ЖШС, қосалқы мердігер компания — «Актобе капиталстрой» ЖШС.
— Ащылысай ауылындағы ауылішілік 4 көшеге толығымен асфальт төселді. Мамыр айында басталған жөндеу жұмыстары қыркүйек айында аяқталуға тиіс еді. Жүйелі жұмыстың нәтижесінде екі айдың ішінде барлық жол мерзімінен бұрын жөндеуден өтті. Жолдарға асфальт төсеу жұмыстары стандарттық талапқа сай орындалды. Жөндеу жұмыстарына 22 адам жұмылдырылды. Қажетті ресайклер, грейдер, асфальтөсегіш, 2топырақ тығыздағышкаток, 2 водовоз, 5 «камАЗ», 3асфальт нығыздағыш және басқа да техникалар жеткілікті деңгейде болды,—дейді «Актобе капиталстрой» ЖШС-ның директоры Бекбол Кустанаев.
Гүлжазира МЫРЗАБЕКОВА,
Қарғалы ауданы.