Әдебиет

Жұлдыз ҚОЖАБЕКОВА

Жұлдыз Қожабекова 1986 жылы 30 қарашада Әйтекеби ауданының Толыбай ауылында дүниеге келген.

2008 жылы Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының филология факультетін, 2010 жылы магистратурасын бітірген. М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің тілдер кафедрасының оқытушысы болып жұмыс істейді.

Ақын, сондай-ақ айтыскер ақын, «ҚР Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері. «Жұлдызым» жыр жинағының авторы.Көптеген айтыстарда жүлделі орындар алып, соның ішінде «Біржан-Сара ізімен» телевизиялық жобасының (қыз бен жігіт айтысы)қорытындысында бас жүлде иеленген.

Толыбай

Жандары жайсаң, адамдарының тым аңғал,

Қонақжайлылық деген оларда ұран бар!

Мен туған ауыл қасиетке ие осындай,

Сенбесеңіздер, көзкөргендерден сұраңдар!

 

Өрлігіңменен өркениеттен жырақсың,

Өзіңе бүгін Өлкейік құсап жыр ақсын.

Өзгелер үшін жер шетіндегі тұрақсың,

Ал өзім үшін жер бетіндегі жұмақсың!

 

Жырымды дәуір шегіне әкетті ой-ана,

Көкжиек нұрға бояла берді, бояла!

Қасиет бар-ау топырағыңда, әйтпесе

Ханның сүйегін көрінген жерге қоя ма?

 

Қасірет толы, қасиет толы сүйемің,

Қойнына алған Әбілқайырдың сүйегін.

Шалғайда жатқан аулыма менің бір баршы,

Ұлылығы жайлы ұғынғың келсе киенің…

 

Толыбай десе толғанып кетер жыр-ғалам,

Сағыныш жайлы шырмауық ойға шырмалам…

Ауыр ойлардан арылар едім, әттең-ай,

Ауылға қарай жасасам егер бір қадам…

 

Пенделік

Қараңғылық құшпайтындай күніміз,

Мəңгі көкке ұшпайтындай күліміз.

Ей, пенделер! Біз неліктен құмармыз

Жазғыруға бірімізді-біріміз?

 

Бақ тапқандай өзге жанды тілдесең,

Кектенесің, кетіп еді кімде есең?

Тозақта да қызыл тілің лаулатқан,

Өсегіңмен өртенесің бірге сен.

 

Бір тынымын табатындай тілдеп іш,

Неге біздің көңіліміз кірлегіш?

Жоқтықтан ба? Жоқ, тоқтықтан бұл күні…

Қиын болып бара жатыр күнкөріс.

 

Балалық та, жастық, қарттық сəт өтер.

Дүние шіркін жақыныңды жат етер.

Бағланға да, кепшікке де кебіннен

Басқа ештеңе жоқ ол жаққа əкетер.

 

Асыпкеттімдепмақтанудалбаса,

Шашыптөктімдепшаттанудалбаса.

Ей, пенделер,өмірсүріп не керек

Жүрегіңдебірмейірімболмаса…

 

Ақыл

Өгейсітіп өмір деген күресің,

Өз-өзімнен қашып жүрмін.

Білесің?!

Кірпігімді кірбің мұңға толтырып,

Ақылымнан адастырды…

Бір есім!

 

Сізге арналған жыртылды екен неше өлең?!

Жаным жаурап, жылап қалдым кеше мен.

Өлең тоңды өзегімді өртеген,

Көлеңкеңді іздеп жүрмін көшеден…

 

Жат қалада жабырқайды өлеңім,

Жан адамнан таба алмадым жан емін.

Ақ кептердің қанатына байлатып

Жіберейін жүрегімнің сәлемін!

 

Сен де жаным сала бермей ақылға,

Жүрегіңді бір тыңдашы…

Мақұл ма?…

 

Жалқы сәт

Кездесіп қалған жалқы сәт,

Кеудеме бақыт сыйлайды.

Еріп кететін қар құсап,

Қимайды жүрек, қинайды…

 

Көкейде жатыр көп сырым

Көзімнен оқы…

Күліп тұр.

Өткен күндердің өксігін,

Көктем күлкіңмен ұмыттыр!

 

Беймезгіл жеткен сезім бе?

Бейнеті көп қой бес күннің.

Кездескен сізбен кезімде,

Ғаламат күймен кештім мұң…

 

Кешерміз бір сор, бір бақты,

Кешігіп тағдыр көшінен.

Жүректе жұмбақ сыр жатты,

Махаббатдеген осы маең?

 

Жадырау сосын жабырқау,

Түсіну тағы түйсіну.

Тағдырыңызға таңырқау,

Суретіңізге сүйсіну…

 

Жаным деп жазған жазбаға,

Жаныммен менің жалғанды ой.

Алданайықшы аз ғана,

Өмірдің өзі жалған ғой…

 

Қызғалдақ сезім

Екеуміз жүрген жол қымбат,

Жүректе қалар ізгі жыр…

Артымда қалды қол бұлғап,

Қызғалдақ ғұмыр, қыз ғұмыр…

 

Қызғалдақ қыздың бәрінен,

Қызғандым сені жанып іш.

Аңқиды жүрек әнінен

Сарғалдақтардай сағыныш.

 

Қос бұрымымнан білінген

Даланың таза жұпары…

Желменен қырдан жүгірген

Ерке кезімді күт әлі…

 

Біздер термеген не түрлі,

Қыр жатыр жусап көп гүлден.

Қызғалдақ гүлдер секілді

Құшағыңа еніп кеттім мен!

 

Жаңбыр сезімнен нұрланып

Жаныма жылу алайын.

Сен қыр бол,

Құшағыңдағы

Мен қызғалдағың болайын!

 

Ой

Асығып алып ұшқан,

Сабылып сағынысқан

Нəп-нəзік жүрегім-ай,

Жаралған сағыныштан.

 

Көңілде кіреуке мұң,

Күлкісіз күнелтемін.

Мазмұнды өміріме

Мазасыз мұң ертемін.

 

Мұң, қайғы, күнə, зарсыз,

Түс көрем, түн ажарсыз…

Қас-қағым жалған ғой бұл,

Қаладыкімажалсыз?

 

Алдамас Ар құбыла,

Сенемінбарлығына.

Мөп-мөлдірөлеңім-ай,

Жазылғантағдырыма.

 

Қараша мұң

Күңіреніп кетті ме күн ырғағы?

Күнтізбемен ауысты ғұмыр мәні…

Күн райы мендегі сезімдердей

Құбылмалы…

 

Бір мезетте көгімнен арай қарап,

Сәлден кейін бетімді қар аймалап.

Қабағынан қар жауған қарашаның

Қасарысқан кейпіне қарайды алап…

 

Қаңғыбас жел таратып қара суық

Айналаны кезеді аласұрып.

Ақ жауыны секілді менің күйім,

Ақ сезімін жіберген таң асырып…

 

Көшіп алып көңілге қараша мұң,

Көшкен елдей кетірді қала сәнін.

Қайтып келмес күндерін еске алады,

Қайтқан құстар көшіне қараса кім?

 

(Қар аралас жаңбырдың ұш тұнбасы),

Қия алмаған аспанын құстың жасы.

Қазанменен күз соңы бұл қараша,

Желтоқсанмен жалғасқан қыстың басы.

 

Қара суық құрсаған бар алапты,

Қары қарып, жанымды жаралапты.

Қарашамен тағдыры егіз ару,

Көшебойлапкөңілсіз бара жатты…

 

Шағыну­

Көнбiстiк қамшы салды­рмай,

Жомарттық жеттi түбi­ме…

Әдiлет атын шалдырма­й,

Ақиқат өлдi күнiге..­.

 

Тобамыз қысты тақымы­н,

Топ жарды Тәттi Өтiр­iк.

Арбалып Жынға Ақылым­,

Жылады-ай…кеше өкi­рiп.

 

Ағарған шашын Шер жа­йып,

Тiрiлдi биттей Мұңым­ мың.

Өтер де кетер Желқай­ық —

Тәуекелден де…түңi­лдiм.

 

Көлеңкесiмен Көлгiрс­у,

Зорайып шықты әудемн­ен…

…Сабырға бәрiн жең­дiрші,

Айырма, Алла, Тәубем­нен!

 

Көктемім

Толтырғандай дүниенің кем кетігін,

Желегімен бермейді жел де тыным.

Көктем келді, аймалап бөктерлерді,

Жасылбағынжасартыпжербетінің.

 

Өткергендей мұңымды өткен күнде,

Күлімдеймін көз салып, төккен күнге.

Күбір етіп тілеймін тек ішімнен:

«Кетпесе екен, кетпесін көктем мүлде…»

 

Мен мұңайсам, жапырақ жер құшады,

Қайта үміттің бүр жарар келді шағы.

Уа, көрікті көктемім, көк бел ассаң,

Мен боламынқимасыңеңқұсалы.

 

(Жасапжатыртабиғат не кәдені?!)

Көркемдіктікөмкеріпжерәлемі.

Мен әйелмін, нәзіктікиесімін!

Егізіңмін, көктемім, еңәдемі!

 

Үнсіздік

Үнсіздігіңіз қинады мені,

Үмітсіздік пе?

Шексіз мұң…

Мендегі жанның беймəлім емі,

Жүрегіңізде ғой тек сіздің.

 

Сізсіз үміттен тоналған жырдың,

Өн бойында жоқ тамаша əн.

Үзіліп түсер жанардан бір мұң,

Үздігіп сізге қарасам.

 

Жол жатыр бөліп арамызды алшақ,

Ұқсамас жұртқа əн біздік.

Екеу болуды қаламыз ба аңсап?

Жар болып жанға жалғыздық.

 

Түсіме ылғи кіресіз неге?

Жамылып мұңды күз кейпін.

Мендегі күйді білесіз бе, не?

Тек сізді аңсап іздейтін

 

Қайғылы əннің қамықтыратын

Қайырмасы боп шырқалдық.

Мендік жүректе соғып тұратын

Тек сізге деген іңкəрлік!

 

Аңсайды жаным келмейтін жанды,

Жанардан төгіп жаңбыр жас.

Мендегі сезім сөнбейтін мəңгі

Жұлдыздарменен тағдырлас!

 

Жетім көңілім күрсінулі ме?

Жабырқатты ғой мұң сіздік.

Кеше де, бүгін, бүрсігүні де

Қинайды мені… Үнсіздік…

 

Сен келдің

Көміліп қалғанда, көңілім Ар құмға,

Айналып кеткенде, көз жасым жаңбырға.

Жүрегім мекен боп жүргенде бар мұңға…

Жабыққан сəтімде жақыным жара сап,

Сен келдің… мендегі тағдырға…

Өткеннің есігін жаба сап:

«Көзіңде бір мұң бар, қарызы өтелмес,

Көңліңде кірбің бар, қара жер көтермес» —

Дедің де жаныма сыйладың жаңа сəт.

Ал мені тəнті етті сендегі Парасат!

 

Жақыным жат болып көзге жас үйрілді,

Адамның барлығын деп жүрсем мейрімді.

Бұл әлем қатігез, қатал боп кеткен бе?

Өлермен өкініш өзекті күйдірді.

Өлердей сүйген жан айналып өткенге…

Керемет сезімдер келмеске кеткенде…

Сен келіп, жылылық сыйладың тағы да

Мендегі көктемге…

 

Бақытсыз күндерді өткенге жерлермін,

Іргесін тым аулақ салса екен шер мен мұң.

Еңсемді тік ұстап, кемсеңді азайтып,

Мен енд ібақытты боламын!

Сенгенмін!

Өйткені мендегі тағдырға сен келдің!

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button