Пікір

Ынтымақтастықты нығайтудың төте жолы

Айгүл НҰРКЕЕВА,

облыстық мәслихат депутаты

Еліміз Шанхай ынтымақтастық ұйымына төртінші рет төрағалық етуде. Өткен жылдың шілде айында Қазақстан тағы да халықаралық құрылымды басқарып, маңызды күн тәртібін қалыптастырды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың ірі «Синьхуа» ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: «Ұйымның негізін қалаушылардың бірі және көпжақты диалогты дамытудың белсенді қолдаушысы ретінде Қазақстан ұйымды өзінің теңгерімді сыртқы саясатындағы тұрақты басымдық ретінде қарастырады» — деді. Дәл осы уәждер Қазақстан төрағалығының ұстанымдары мен күн тәртібін қалыптастырды.

«Біздің күш-жігеріміз қауіпсіздік мәселелерін шешудің ортақ тәсілдерін әзірлеуге, сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға, қоршаған ортаны қорғауға және халықтарымыз арасындағы достық байланыстарды нығайтуға бағытталатын болады», — деді Президент сұхбатында.

Астанадағы саммит әлемдік күн тәртібіндегі көп мәселе талқыланған басқосу болды. Біз ШЫҰ-ның негізгі міндеті оның құрылымына кіретін елдердің экономикасын дамыту екендігін сарапшылардың арасында болған кең ауқымды пікірталастың куәсі болып отырмыз.

Бізді Қасым-Жомарт Тоқаевтың нақты ұстанымытәнті қылды: кез келген даулы мәселелер келіссөз үстелінде шешілуге тиіс. Статистика көрсеткендей, соңғы бір жылда әлемде 183 аймақтық және жергілікті қақтығыс орын алып, олардың саны 30 пайызданартқан. Ал бұл, Мемлекет басшысы атап өткендей, соңғы үш онжылдықтағы ең жоғары көрсеткіш.

Бұл жерде сарапшылардың Астана саммиті аясында жоғары деңгейдегі іс-шаралардың ұйымдастырылуы, оған әлем халқының жартысына жуығының мүддесін білдіретін ел басшылары мен ірі халықаралық ұйымдардың қатысуы ШЫҰ-ның стратегиялық диалог алаңы ретіндегі беделін көрсетеді деген пікіріне қосылмауға болмайды. 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button