Пікір

Экономиканың  дамуына оң ықпал етеді

Дидар БОРАНҚҰЛОВ,

Ақтөбе облысы кәсіпкерлер палатасының директоры

Астанада бас қосқан Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің басшылары екі күн бойы кеңес отырысын өткізді. Еліміз халықаралық ұйымға осымен төртінші рет төрағалық етіп отыр. Бастапқыда аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін ұйым ретінде құрылған Шанхай ынтымақтастығы ұйымы уақыт өте келе оның мүшелерінің өзара әрекеттесу салаларын түбегейлі кеңейтті. Алғашқы жылдары Шанхай ынтымақтастық ұйымы қауіпсіздік мәселелеріне басымдық берсе, қазір халықаралық ұйым экономика, сауда және басқа да маңызды салаларды қамтитын жаһандық мәселелер шешілетін жаһандық алаңға айналды. Ал бұл еліміздің азаматтары, соның ішінде кәсіпкерлер үшін маңызды. Кәсіпкерлер палатасының өкілі ретінде мен өз өнімдерін еліміздің нарығына ұсынып қана қоймай, экспортқа шығаратын көптеген бизнесмендерді білемін. Халықаралық жиынның мақсаты — қауіпсіздік саласындағы өзара сенім мен ынтымақтастықты нығайту ғана емес, сондай-ақ Шанхай ынтымақтастығы ұйымықұрамына кіретін елдердің экономикасын дамыту екені белгілі. Осы ретте Астана саммиті халықаралық қауымдастыққа Қазақстанның әлеуеті мен инвестициялық, ынтымақтастық мүмкіндіктерін көрсетудің жақсы тетігі болды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары қатысқан кеңес отырысында өзара сауда-саттықтың артуы ШЫҰ кеңістігі үшін ортақ үрдіске айналып келе жатқандығын, мәселен, Қазақстанның Шанхай ынтымақтастығы ұйымы елдерімен сауда көлемі өткен жылдың қорытындысы бойынша 6,5 пайызға өскендігін атап өтті.

Мұнда ең әуелі еліміздің бизнесмендері үшін ынтымақтастықтың жаңа перспективалары ашылып отыр. Үмітіміз зор, Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше бола отырып, біз нақты экономикалық даму жобалары, жаңа логистикалық бағыттар, экономикалық бағдарламалар, соның ішінде «бір белдеу, бір жол» аясында елдер арасындағы экономикалық ынтымақтастықты дамытуымыз қажет. Сондай-ақ бұл саммит ынтымақтастық елдер арасындағы экономикалық көрсеткіштер мен тауар айналымының өсуіне ықпал етіп, бейбітшілік пен жаһандық диалогты қамтамасыз етуге елеулі үлес қосатыны анық.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button