Саркомадан сақ болыңыз!
Саркома — сирек кездесетін қатерлі ісік ауруы. Ол көбінесе 60-70 жастағы адамдарда кездеседі.
Түрлері: остеогендік саркома (сүйек тканінің ісігі), хондрасаркома(шеміршек тканінің ісігі), миосаркома(бұлшық еттің ісігі), т.б.
Қауіп-қатер факторлары: тұқымқуалаушылық, канцерогендік химиялық заттар, ультракүлгін сәулелердің әсері, иммунитеттің төмендеуі, рак туғызатын вирустар,ауыр жарақаттар, ұзақ уақыт жазылмайтын жаралар.
Аурудың белгілері: дене қызуының көтерілуі, әлсіздік,ісік 5 см-ге өскенде науқас мықты қиналады.
Ауру аз уақыттың ішінде өкпеге, лимфа бездеріне, сүйекке берілуі мүмкін.
Алдын алу шаралары: темекі шегуден, жарақаттанып қалудан аулақ жүру, дұрыс тамақтану, денешынықтырумен айналысу, күйзелістен сақ болу,денедегі жараларды уақытында емдеу, жоспар бойынша скрининг-бақылаудан өту,салауатты өмір салтын ұстану.
Светлана ИНИСОВА,
Мұғалжар аудандық ауруханасының дәрігері.