Спорт

Футболшының құрметіне жарыс өтті

Ақтөбедегі балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінде Үсен Таубаевтың 100 жылдығына арналған футбол ардагерлері командаларының арасында жолдастық  кездесу өтті. 

Ақтөбе — футбол қаласы. Жастар қазіргі «Ақтөбе» командасының ойыншыларын жатқа  біледі. Ал аға буын өкілдері 60-70-жылдардағы ойыншыларды әлі күнге дейін ұмытқан жоқ. Жалпы, Ақтөбе фтуболының тарихы 30-40-жылдардан басталады. Кеңес үкіметі кезінде  Ақтөбенің намысын «Динамо» командасы қорғады.  Оның құрамында танымал футболшы  Үсен Таубаев та болды.

Үсен Таубаев 1924 жылы Байғанин ауданында туып-өскен. 1942 жылы әскер қатарына шақырылып, Қиыр Шығыста жопондармен соғысқан. Ал 1946 жылдан  1953 жылға дейін Ақтөбе қаласында тұрды. Ішкі істер саласында еңбек етіп жүріп, «Динамо» клубында ойнады.

—Сол кезде оныңфутболшы ретінде талантыашылды. Жанкүйерлер шабуылшының шеберлігіне сүйсініп, сол үшін алаңға келетін. Былтыр футболшының құрметіне ардагерлер командаларының арасында жолдастық кездесу өткізсек деген ой келді. Биыл соны жүзеге асырдық, нәтижесінде барлығы ойдағыдай өтті,—деді іс-шараныұйымдастырушы, спорт ардагеріРахымҚарабалиев.

1953жылы Үсен Таубаевты туыстары шақырып, отбасымен Қарақалпақстанның Нөкіс қаласына көшеді. Ол жерде түрлі жұмыс істеді. 1972 жылы елге қайта оралды. Өкінішке қарай 54 жасында өмірден озды.

Жолдастық кездесуде «Шанхай» және «Ақтөбе» командалары ойнады. Ардагерлер жасына қарамастан, алаңда доп теуіп, балаша мәз болды. Іс-шараға Үсен Таубаевтың балалары, немерелері мен туыстары да келді. Футболшының немересі Әлібек Таубаев ұйымдастырушыларға алғысын айтты.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button