«Ақтөбе» — 100!

Шахматтан жарыс өтті

Бұқаралық ақпарат қызметкерлері күніне орай журналистер арасында шахматтан жарыс өтті.

Сондай-ақ бұл іс-шара облыстық «Ақтөбе» газетінің 100 жылдығы мен Қазақстан Жазушылар одағының құрылғанына 90 жыл толуына арнап ұйымдастырылды. Сайысты Қазақстан Журналистер одағы мен Жазушылар одағының облыстық ұйымдары бірлесіп өткізді.

Жарысты Қазақстан Журналистер одағы облыстық ұйымының басшысы Раукен Отыншин ашып, құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттіліктер тіледі.

Жарыс қорытындысы бойынша ардагер журналистер — Нұрмұхамбет Дияров пен Жақсылық Айжанов, жас жазушы Әлихан Жақсылық, «Ақтөбе Медиа» ЖШС-ның қызметкері Есенжан Керіков, «Aqtobe» телеарнасының қызметкері Арман Қошқарбаевтар дипломдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Жазушылар одағы облыстық ұйымының басшысы Бауыржан Құрманқұлов жүлдегерлерге марапаттар тапсыра отырып, шығармашылық табыстар тіледі.

А.САРЫБАЙ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button