Жаңалықтар

Қысқа дайындық қарқынды

Облыс орталығында электр станцияларын қысқа дайындау жұмыстары басталды. Қала әкімі Азамат Бекет «Энергосистема» ЖШС мекемесіне қарасты қосалқы станциялардың жұмысымен танысып, қысқа дайындық бойынша жоспарларын тыңдады.

Биыл қаладағы бірнеше подстанцияда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Мекеме аталған мақсатта 600 млн теңге қаражат қарастырып отыр.

Қала әкімі алдымен қаланың 25 пайызын электр қуатымен қамтамасыз етіп отырған Сазды подстанциясына, одан кейін Сельмаш подстанциясына барды.

Ең үлкен жұмыс Сельмаш подстанциясында өтеді. Ескірген қосалқы станцияның орнына жаңадан станция салынады. Ол жерден 11, 12, 12 В, Г шағын аудандары мен Мәскеу, Әуеқалашығы аудандары электр қуатын алып отыр.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button