Мәдениет

Үлкен сахнадағы алғашқы қойылым

Спектакль

«Алақай» қуыршақ театрында көпсалалы АГУ Тарлан колледжінің студенттері драматург Қ.Мұраттың шығармасының желісі бойынша сахналанған «Мұғалім» спектаклін көрермен назарына ұсынды. Режиссері — Сержан Баймұратов.

Жас ұрпақтың адамболып қалыстасуына ата-анасынан соң күш салатын адам — ұстаз. Спектакльде ата-ана мен бала, мұғалім мен оқушы арасындағы түсініспеушілік мәселесі көтеріледі.

Қойылым ағылшын тілі пәні мұғалімінің монологымен басталады. Өз сөзінде жас маман таңнан кешке дейін жұмыста жүретінін, тіпті үйге барғаннан кейін де өзіне, отбасына бір сәт бөле алмайтындығын айтып, мұңын шағады.

Балаларының оқу үлгерімімен қатар, тәртібінің нашарлығын да мұғалімнен көре салғысы келетін ата-аналардың, жоғары сынып оқушыларының рөлін жас актерлер тамаша орындап шықты. Тақырып ауқымы кең, бүгінгі күнмен үндес қойылымды тамашалауға облыстық білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан да қатысты.

— Бұл спектакльдің өзге қойылымдардан ерекшелігі — сахнада колледждің актерлық өнер мамандығының студенттері ойнайды. Біздің түлектер жыл сайын диплом алар алдындағы соңғы қойылымдарын үлкен театр сахнасында ойнауды дәстүрге айналдырды.Жас актерлердің үлкен сахнадағы алғашқы еңбегі көрермен көңілінен шығады деп ойлаймыз, — деді колледж директорының орынбасары Нұргүл Омар.

Қойылымнан соң актерлік өнер мамандығының 22студентімен қатар, қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының — 24, дизайн мамандығының 4 түлегі қолдарына көпсалалы АГУ Тарлан колледжін бітіргендігі туралы дипломдарын алды.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button