Білім

Бастауыш сынып және зерттеушілік

Біліктілік

«Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік және жобалық іс-әрекеті» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсына алды бір жылдан бастап, отыз жылдан астам тәжірибесі бар мұғалімдер жиналды.

Білім берудің маңызды шарты — оқу үрдісін жаңарта отырып, оқушылардың қызығушылығын, арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, зерттеушілік іс-әрекетін жоспарлау, олардың өздігінен білім  алуға  құштарлығын  жетілдіру,  қол  жеткен  табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауда мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыру.

Ақтөбе облысы бойынша кәсіби даму институты ұйымдастырған курсқа қатысушылар  тәжірибе барысында  дәстүрлі әдістемелер мен өзекті технологияларды біріктіру, жұмысты өз бетінше ұйымдастыру және жоспарлау, білім алу және талдау, ақпаратты іріктеу,шешімдер қабылдау, жобаларды таныстыру дағдыларын жетілдірді.

Курсты өз ісінің кәсіби шебері  Сарагүл Шаштығарина жүргізді.

Курста бас қосқандар сандық ресурстар арқылы үздіксіз білім алып, сан алуан ақпаратпен алмасу мүмкіндіктерінің болуы, әлеуметтік жағдайына қарамастан, педагогтердің өз бетімен оқып-үйренуге негізделген кейс-технологиялардың тиімділігін арттырудың аса қажеттілігіне тағы бір мәрте көз жеткізді.Педагогтердің бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік және жобалық іс-әрекетін дамыту мақсатында топтық жұмыстар, қызықты тренингтер ұйымдастырылып, көшпелі тәжірибелер, семинарлар мен шеберлік кластары, ерекше білімді қажет ететін оқушымен жұмыс түрлері де ескерілді.

Нақты және түсінікті сипаттама беруге үйретіп, тақырыпты жақсы қабылдап, дәлелдемелерді бағалау үшін нәтижелерді өз бетінше түсінуге бағыттайтын заманауи жаңашыл тәсілдермен өткізілген дәрістер бойынша педагогтер кәсіби білімінің шыңдалғанын анықтайтынсынақтар, зерттеу мен жоба қорғау тапсырмаларын сәтті тапсырып, сертификаттар иеленді.

Ажар ӘБДІКӘРІМОВА,

Ә.Ермеков атындағы

№23 орта мектеп-лицейінің

бастауыш сынып мұғалімі.

Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button