Пікір

Бірге күрессек жеңеміз

Асқар ЖҮСІБАЛИЕВ,

Қарғалы ауданының әкімі.

Сыбайлас жемқорлық — заман ағысымен бірге мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.

Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына әкеледі. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуге тиіс.

Біздің аудан бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі 2024 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес тоқсан сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аудандықкомиссияның отырысыөткізіледі. Жыл басынан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметшілерді Әдеп кодексі бойынша құқықтық оқытулар, семинарлар ұйымдастырылуда.

Бұқаралық ақпарат құралдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған жол бермеу тақырыбында мақалалар жарияланып тұрады. Сондай-ақ аудан мекемелерінің әлеуметтік желілердегі парақшаларындажарияланымдар шығарылады.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы және сапалы қарау қадағаланып, барлық өтініш белгіленген мерзімде қаралады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігін арттыру және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру бағытында іс-шаралар ұйымдастырылып, 60-тан астам жадынамалар халық көп шоғырланатын орындарда ілінді және үйлерді аралап, таратылып тұрады.

Былтыр облыстық «Ақтөбе» және аудандық «Қарғалы» газеттерінде төрт және әлеуметтік желілерде елуден астам, биылғы жылдың 5 айында аудандық «Қарғалы» газетінде екі және аудан мекемелерінің әлеуметтік желілердегі парақшаларында отыздан астам материалдар жарияланып, аудан бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыбында барлық ауылдық округте баннерлер орнатылды.

Аудан бойынша Сенім телефоны үнемі жұмыс істейді және әлеуметтік желілерде  қажетті ақпараттар жаңартылып отырады.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жетілдіру мақсатында Қарғалы ауданында «Ақтөбе — адалдық алаңы» жобасы аясында Қосестек, Желтау, Әлімбет және Кемпірсай ауылдық округ әкімдерінің ғимараттарында4 «Ашық әкімдік» кеңсесі аудан әкімдігінің ғимаратында «Ақтөбе — адалдық алаңы» кеңсесі және әрбір ауылдық округте өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істеп жатыр.

Қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстары үнемі бақылауға алынған.

Жалпы, кез-келген қызметкер өз отбасында, әріптестерінің арасында осы бір қағидаларды ұстана білсе, бұл індеттің жойылатыны анық.

Әрбір қоғам дамуының жақсы жағымен қатар, көлеңкелі тұсы да қатар жүретіндіктен, елдің әлеуметтік хал-ахуалының жақсарып, экономикалық жоғары даму деңгейіне жетуді, халқымыздың демографиялық өсіп-өнуін көздеген істержасалып жатқан кезде, алға басқан қадамды кейін тартып, тежеу болып отырған сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту — әрқайсысымыздың азаматтық борышымыз.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button