Пікір

Қоғамға кедергі болар қауіпті кесел

Дәулетияр ТОҒЫЗБАЕВ,

Әйтеке би ауданының әкімі.

Қашанда мемлекет өз дамуының алғышарттарында кедергісіз қоғам құруды көздеп, сол бағытта жұмыс жасауды  мақсат етеді.Өйткені елдің ертеңі нұрлы, болашағы баянды болуы үшін ортақ мүдде, нәтижелі іс, ұжымдық ортақ түсінік болуы шарт.Сонда ғана алға қойған мақсаттар орындалып,оң өзгерістерге жол ашады.

Еліміз егемендігін алған бойда алдымен кемелді келешекке кедергі келтірер кесірлі әрекеттерді жою және оны болдырмау бағытында көптеген заңдық күші бар құжаттар қабылдап,күн тәртібінен түсірмей келеді.

Тамыр-таныстықтың жолын кесуге арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң көптің көңілінен шыққанымен, оның орындалуына кедергі болар жайлар аз емес.

Елде азаматтық қоғам, пайымды және парасатты кадрлар шоғырын қалыптастыру мақсатында осы заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттерді жүргізубасты бағыт болып отыр.

Бұқаралық ақпараттық құралдарында парамен ұсталғандар мен мемлекет мүддесі орнына, сыбайласып қызмет жасауды әдетке айналдырғандардың ұсталғаны жайлы аз жазылып жатқан жоқ.Сыбайлас жемқорлық деректері көптеген бағдарламалар мен кәсіпкерлікті дамыту ісіне кедергі келтіруде.

Қай салада болсын, жең ұшынан жалғасу салдарынан халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Және олардың орынды ренішін тудырады. Көп жағдайда осындай реніштердің салдарынан көптеген мекемелердің қызметіне деген сенімсіздік пайда болады. Сондықтан кез келген ортада, пара беру мен пара алудың жолын кесуде, өзін осы елдің шынайы патриоты санайтын әрбір азамат белсенділік танытуы қажет.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкесауданымызда көптеген іс-шаралар жүргізіліп келеді. Сыбайлас жемқорлықпен күресті тиісті органдар ғана емес,барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар,жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары тиісті құжаттамалық және заңдық тұрғыда бақылау жасап,өздерінің лауазымдық деңгейінде заң талаптарының орындалуына назар аударып, оның әрбір бабының нақты жүзеге асуын қамтамасыз етуге міндетті.

Сыбайлас жемқорлық тамырының үзілмеуіне көбіне мемлекеттік құқықбұзушылықтарға немқұрайды қарау, қызметшілердің білім мен білік деңгейінің төмендігі,әдептілік ұстанымының жеткіліксіздігі әсер ететін болса керек. Сондай-ақ олардың өз қызметіне жауапсыз қарауы да келген адамның таныс жағалауына әкеледі.Бұның аяғы жемқорлыққа жол ашады.Мұның үнемі назарда ұстап келеміз және бақылауды босаңсытпау үшін қатаң шаралар қабылданып жатқанын көріп жүрміз.

2023 жылдың қорытындысы бойынша ауданда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бекітілген жоспарларға сай жүзеге асырылды. Сондай-ақ ауданда елеміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналғантұжырымдамасында көрсетілген түсіндіру жұмыстарына сай шаралар атқарылды.

Сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болған жағдайда іс-қимыл тәртібін түсіндіретін үлестірме материалдар таратылды.Аудан бойынша барлық елдімекендерде сыбайлас жемқорлық тақырыбында баннерлер орналастырылды. Ал мемлекеттік мекемелерде аталған тақырыпта ақпараттық бұрыштар орналастырылған.

Халықпен тікелей кері байланыс жасау мақсатында және «Сенім телефонының» жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен хаттарына арналған оңтайлы жұмыс істеу тәжірибесін кеңейту үшін әлеуметтік желіде арнайы байланыс телефоны көрсетілген. Түрлі парақшаларда айтылған сындар мен ұсыныс, тілектер жедел назарға алынып, жауап беріледі. Бұл да сыбайлас жемқорлықтың жолын кесуге әсерін тигізері анық.

Қорыта айтқанда, қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыру, барлық мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының нәтижелілігін арттыру мәселелері аудан әкімшілігінің тұрақты бақылауында.

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button