Жаңалықтар

Медиацияның маңызы түсіндірілді

Семинар

Сәрсенбі күні Қазақстан халқы Ассамблеясы Ақтөбе облыстық филиалы ғимаратында «Этносаралық қатынастар саласындағы медиацияны дамыту»  тақырыбында  семинар-тренинг өтті.

Оған Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы құрылымдық бөлімдердің, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, этномедиаторлар, қоғамдық медиаторлар, қорғаушылар, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.

Семинар этносаралық шиеленістің алдын алу шараларын әзірлеуге,  іс-шаралар кешенін жүргізуге бағытталды.

Облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Қоғамдық келісім» мекемесі ұйымдастырған іс-шарада Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы медиация орталығы жетекшісі, тренерСветлана Балпейісова этносаралық қатынастар саласындағы медиацияның негіздері,

этносаралық инциденттер мен жанжал жағдайларын реттеуге тартылатын адамдар қатарынан тыңдаушылар топтарын іріктеу, қоғамдық келісім мен бірлік бағытындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру, мемлекеттік органдардың, азаматтық қоғам институттарының қатысуымен іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу сынды тетіктердің тиімділігін талдау және жұмысты жетілдіру бағытындағы алғышарттарға тоқталды.

Сондай-ақ семинар барысында медиация қызметінің маңызы, медиатордың міндеті туралы сөз қозғалды.

Светлана Балпейісованың айтуынша, қазір өңірдегі 12 ауданның бәрінде де медиация орталықтары бар.

Д.АЙДАР.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button