Су тасқыны

Жағабұлақта 9 үйдің құрылысы басталды

ал Бірлікте 5 үй салынады

Мұғалжар ауданында су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға арналған тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары басталды.
Қазіргі таңда үйлері суға кеткен отбасыларды баспанамен қамту мақсатында Жағабұлақ ауылында жаңа 9 үй үйдің құрылысы басталды.
Батпақкөл ауылдық округінің әкімі Мейрамбек Боқашевтің айтуынша, бұл ауылда барлығы 50 үйді су басқан. Оның 46-сы «апаттық жағдайда болғандықтан тұруға жарамсыз» деп танылды. 37 үй иесі дайын үйге көшуге ниет білдірді. Олар қазір сатып алатын үйлерін қайталама нарықтан қарап жүр. Қалған 4 отбасына үйлерін жөндеуге қаражат төленді.
— Жаңа үйлерді салуға ауылдағы биіктеу жер таңдалды. Ол жерге инженерлік коммуникациялар жеткізілді. Құрылысты «Айлин Строй Трейд» компаниясы қолға алды. Қазіргі уақытта құрылыс басында 30 құрылысшы жұмыс істеп жүр. Компания басшылығы құрылыстың қарқынын жеделдету үшін қосымша жұмысшыларды тартпақ. Жаңа үйлерді шілде айының соңы — тамыз айының басында тапсыру жоспарда бар, — дейді Мейрамбек Боқашев.
Сонымен қатар аумағы 80 шаршы метрлік типтік 5 үй Бірлік ауылында да салынбақ. Көктемгі су тасқыны кезінде аудан бойынша 76 тұрғын үйге, 8 шаруа қожалығына, 3 коммерциялық нысанға зақым келіпті. Су тасқынынан зардап шеккендерге 26 миллион теңгеден астам біржолғы төлемақы төленген.

Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button