Шығынға батқан кәсіпкерлерге өтемақы төленді
Бүгінде облыста су тасқынынан зардап шеккен шағын және орта бизнестің саны 67-ге жетіп отыр. Оның ішінде 48-і өңірлік комиссияға жүгініп, 572,9 миллион теңге шығын көлемінде анықталған.
Өңірлік комиссияның тексеру нәтижесінде 43 бизнес субъектісіне, 48 кәсіпорынға бағалау жұмыстарын жүргізілді. Оның ішінде 5 жоба нысанының құжаттары толық ұсынылмауына байланысты, өңірлік комиссияның бас тарту туралы шешімі қабылданды.
Бағалау компанияларының бағалау сатысында — 15 кәсіпорын, бағалаушы компанияларға жүгінбеген — 4 кәсіпорын нысаны белгілі болып отыр.
Қазіргі уақытта 31 кәсіпкерлік субъектісіне 404,6 млн теңге көлемінде қаржылық көмек көрсетілді.
Айта кетейік, бүгінгі таңда республикалық бюджеттен шығындардың орнын толтыру мақсатында 733,5 млн теңге қаржы бөлінген.