«Ақтөбе» — 100!Басты жаңалықтар

Облыс әкімі «Ақтөбе» газетінің ұжымына Мемлекет басшысының құттықтау хатын табыстады

Бүгін, 7 маусым облыс баспасөзінің қарашаңырағы саналатын «Ақтөбе» қоғамдық-саяси газетінің жарыққа шыққанына – 100 жыл.

Облыс әкімі Асхат Шахаров ғасыр бойы өңірдің өткені мен бүгінін, әлеуметтік-экономикалық дамуын басып келе жатқан басылымның мерейтойымен газет ұжымын құттықтап барды. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді.

Мемлекет басшысы басылымның ұлттық баспасөзді дамытуға қосқан зор үлесін, ғасырлық тарихы бар басылымның алғашқы саны жарық көрген күннен бастап өңірді өркендетуге атсалысып келе жатқанын тілге тиек еткен. Газеттің әрдайым өзекті мәселелерді көтеріп, шынайы ақпарат таратуы, тағылымды әрі танымдық мақалалар жариялауы — соның айқын дәлелі.

«Көптеген игі бастаманың ұйытқысы болған қара шаңырақта талай қарымды қаламгер еңбек етіп, өз қолтаңбасын қалдырды. Бүгінде «Ақтөбе» газеті осы сабақтастықты сақтап, жүйрік журналистердің шығармашылық шеберханасына айналды. Сол арқылы ұлттық баспасөздің дамуына зор үлес қосты», – деген Президент өзіндік дәстүрі бар беделді басылым болашақта да қалың оқырманның көзайымы болып, ел үмітін ақтай беретініне сенім білдіріпті.

Өңір басшысы да «Ақтөбе» газетінің ұжымына бақ-береке, толайым табыс, ел игілігі жолында қызмет ететін әрбір бастамаларына сәттілік тіледі.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button