«Ақтөбе» — 100!

 Құрметті «Ақтөбе» газетінің ұжымы!

Ерлан ҚАРИН,

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі.

Ақтөбе облысының «Ақтөбе» қоғамдық-саяси газетінің ұжымына 

Сіздерді «Ақтөбе» газетінің жарыққа шыққанына 100 жыл толуымен құттықтаймын!

Осы кезеңде газет қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеріп, аймақты дамытуға зор еңбек сіңірді. Тұтас бір дәуірдің елеулі оқиғаларын жұртшылықтың назарына ұсынып, халықтың мұң-мұқтажын жоқтайтын беделді басылымға айналды.

Бастауында Құдайберген Жұбанов, Жиенғали Тілепбергенов сынды тұғырлы тұлғалар тұрған газетте көптеген ақын-жазушы мен журналист жұмыс істеді. Олар түрлі тақырыпқа қалам тербеп, халыққа қалтқысыз қызмет етті.

Қазіргі таңда редакция ұжымы қоғамда жүзеге асырылып жатқан реформаларды кеңінен насихаттап, мемлекеттілігімізді нығайта түсуге зор үлес қосып келеді.

Басылым алдағы уақытта оқырман қауымды тың жобаларымен қуантып, ел мүддесін қорғауға белсене атсалыса береді деп ойлаймын.

Баршаңызға зор денсаулық, шығармашылық шабыт тілеймін!

Мерейтой құтты болсын!

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button