«Ақтөбе» — 100!

Қадірлі жол

Мейірхан АҚДӘУЛЕТҰЛЫ

ақын, халықаралық «Алаш»

әдеби сыйлығының лауреаты.

«Ақтөбе» газетінің дүниеге келгеніне 100 жыл болыпты. Бұл— мақтан тұтарлық мереке ғана емес, бұл— біздің қазақтың ұлттық шежіресінің ерекше бір бөлігі, сол жүз жылды басынан бірге өткерген халықтың қуанышы мен қасіреті қатар өрілген тағдыр-талайы, реніші мен үміті әрқилы жұртшылықтың бүгінге жеткізген қадірлі, қайырлы жолы.

«Ақтөбе» заманына қарай күні кешеге дейін әрқилы аталғанымен, бастапқы мақсат-мұратынан айнып көрген жоқ. Журналистердің мұраты қай тұста да өз халқына ізгі өнегені, өнер мен білімді, ең озық істерді үздіксіз жеткізу ғана емес, есесі тарихта көбірек кеткен ұлттың санасын шыңдау, шынықтыру, ілім мен білімді үздіксіз үйрету, ең қиын тұстарда риясыз қолдау болғаны анық.

Сол мұраттан «Ақтөбе» газетінің жаны сергек, алғыр ұжымы кешегі тәуелсіздігіміз келгеннен соң да айныған жоқ, еңбегін еселей көбейте отырып, осы заманғы қазақтар ерекше қызығушылықпен оқитын, барлық мәселелерге араласа алатын жаңа үлгідегі газетті қалыптастырып отыр. «Ақтөбе» — менің өмірімде де теңдесі жоқ өнеге қалдырған газет.

Мен осы газетіме, бұрынғы және қазіргі әріптестеріме үлкен табыстар тілеймін.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button