Басты жаңалықтар

1500 тал отырғызылды

Қалада көгалдандыру, әрбір көше мен ауланы жасыл желекке бөлеу жұмысы қарқын алды. Мұндай игілікті істен қаланың бизнесмендері мен кәсіпкерлері де тыс қалмауда.

Биылғы жылы «Дастан» ЖШС ұжымы өздерінің қаражаттарына 1500 түп әр түрлі ағаш пен көшет әкеліп, «Дастан» бизнес орталығының аумағына отырғызды.

– Талдар Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының питомниктерінде өсірілген, – деді серіктестік директоры, қалалық мәслихаттың депутаты Асхат Айтжанов. – Отырғызылған ағаштардың бой алып кетуіне біздің табиғат жағдайымыз сәйкес келеді.

Асхат Айтжановтың айтуынша, барлығы 2 миллион теңге қаражат жұмсалған. Сондай-ақ, бұған дейінгі соңғы бес жыл ішінде 1 мың түптен астам ағаш отырғызылған.

Бердібай КЕМАЛ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button