Білім
Ақтөбелік оқушы ҰБТ-дан ең жоғарғы балл жинады
Бұл – әзірге Ақтөбе облысы бойынша ең жоғары көрсеткіш.
Ақтөбелік түлек Айшат Сағынаева ұлттық бірыңғай тестілеуден 137 балл жинады. Ол – М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназиясының оқушысы, 7-сыныптан бастап осы мектепте білім алады. «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткер. Үйінің кенжесі. Мектеп түлегі IT-маманы болуды армандайды.
Ақтөбе облысында 2023-2024 оқу жылында ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға 8 342 оқушы өтініш білдірген. Жалпы облыс бойынша 11-сыныпты 9 236 оқушы бітірді. Оның 489-ы – «Алтын белгіге», 681-і – «Үздік аттестатқа» үміткер.
А.ІЛИЯС.