Мереке

Әскерилердің балаларына мерекелік көңіл күй сыйлады

Бүгін Халықаралық балаларды қорғау күніне орай облыстық мәслихат пен Қазақстанның үздіксіз білім беру қауымдастығының ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласындағы #6655 әскери бөлімі қызметкерлерінің балаларына арналған мерекелік шара өтті.

Шарада облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму, заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Айгүл Дүйсенова жиналғандарды мерекемен құттықтап, балаларға жүрекжарды лебізін жеткізді.
Әрі қарай шарада балаларға концерттік бағдарламалар ұсынылып, аниматорлар ойындар өткізді. Балаларға тәттілер мен балмұздақ үлестірілді. Сондай-ақ жеткіншектерге әскери техникалар таныстырылды.
Шара соңында ҚР Ұлттық ұланы #6655 әскери бөлімінің командирі, полковник Еділхан Аймағамбетовтің атынан облыстық мәслихат төрағасы Гүлқасима Сүйінтаеваға, сондай-ақ әскери қызметкерлердің балалары тәрбиеленіп жатқан балабақшалардың меңгерушілеріне Алғыс хаттар табысталды.
Айта кету керек, 150-ге жуық бала қамтылған шараға аталған қауымдастық мүшелерімен қатар облыстық мәслихат депутаты Әсем Ілиясова да ерекше атсалысты.

Д.АЙДАР.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button