Ақтөбе — 155

Ақтөбенің 155 жылдығына әнші, композитор Диаз Мусалимов ән арнады

«Ziga Zaga» әнінің шумағы мен қайырмасында әнші Ақтөбенің тарихи тұлғаларының, ел мен жерді қорғаған батырлардың есімдерін атаған. Спорт пен мәдениет, өндіріс салаларындағы жетістіктерді жіпке тізіпті. «13 сектор» жанкүйерлерінің отандық футболды дамытуға қосып жүрген үлестері де ұмыт қалмаған. Сондай-ақ, Диаз Мусалимов қаланың негізгі көрікті жерлеріне де тоқталып, олардың қаншалықты әдемі екенін айтқан.

Туындыда «Басыңа қиын күндер келсе де, қажымас күшіміз бірлікте» деген жолдар кездеседі. Бұл арқылы автор табиғи апаттарда ауызбіршіліктің жарқын үлгісін көрсете білген ақтөбеліктерді мақтан етеді.

Әннің бейнебаяны Ақтөбе қаласындағы бірнеше локацияда түсірілді. Орталық стадион, шаһардың орталық көшелері мен әдемі ғимараттарын көруге болады.

Бейнебаянның түсіріліміне Ақтөбе облысының әкімдігі мен «Рамазан» компаниялар тобы қолдау көрсетті.

Д.АЙДАР.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button