Жаңалықтар

Жалған құжат жасатқандар жазаланды

Сыбайлас жемқорлықпен күрес

Жыл басталғалы бері агроөнеркәсіптік кешені саласында 2 қылмыс анықталды. Келтірілген залал көлемі — 60 миллион теңге.  Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте айтылды.

Жиынға қатысқан ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің басшысы Қуат Абдыханов агроөнеркәсіп кешеніндегі сыбайлас жемқорлық туралы айтты.

Оның айтуынша, былтыр сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар 7 қылмыстық іс тергелген. Оның ішінде қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру фактілері де бар. Мемлекетке келтірілген залал көлемі — 1,5 млрд теңге. Оның 105 миллионы өтеліп, 291 миллион теңгеге бағаланған мүлікке тыйым салыныпты.

Биыл2 қылмыс анықталған. Залал көлемі — 60 миллион теңге. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ биыл сот 1,4 миллиард теңгеден астам зиян келтірген 2 қылмыстық істі қарастырды. Нақтырақ айтсақ, Қобда аудандық мәслихатының бұрынғы депутаты «Қобда Агро» шаруа қожалығы атынан, сенімхат негізінде, өзіне материалдық пайда мен артықшылықтар алу үшін «Аграрлық кредиттік корпорация» акционерлік қоғамы Ақтөбе филиалына «Сыбаға» бағдарламасы бойынша кредиттік желі ашу туралы өтінішжазған. Бұл ретте қожалықтың кепіл мүлкі туралы жалған ақпарат ұсынып, 390 миллион теңге несиені заңсыз алған. Банк бұлқаражатты600 бас іріқара мал сатыпалуғаберген. Сөйтіп,алаяққаражаттыөзқалауыбойыншапайдаланған.Сондай-ақ олісжүзіндежоқ мал үшін 67 миллион теңгезаңсыз субсидия алған.

Сот шешіміменалаяқ 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Іс бойынша аппеляциялық шағым қарастырылып жатыр.  

Сонымен қатар«асылтұқымды іріқара мал сатып аламыз» деп жалған құжаттар рәсімдеп,несие алған 3 адам 5 жылға сотталды. Олардың заңға қарсы іс-әрекеттерінің салдарынан мемлекетке жалпы көлемі 970 миллион теңге залал келтірілді. Қазір алаяқтардан 260 миллион теңгеге бағаланған жылжымалы және жылжымайтын мүліктер тәркіленді. Бүгінгі күні сот шешімі заңды күшіне енген жоқ, — деді Қуат Абдыханов.

Оның айтуынша,жекелеген жағдайларда, агрокредиттік корпорация АҚ Ақтөбе филиалының басшылығы бюджет ақшасын өздері жымқырғандығы анықталып отыр. Мұндай іс сотта өткен жылы қаралған.

«Аграрлық кредиттік корпорация» акционерлік қоғамы Ақтөбе филиалы директорының бұрынғы орынбасары «Қайыңдыбұлақ» шаруа қожалығын пайдалану арқылы 96 миллион теңге бюджеттік несиені заңсыз алып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Жалпы,жұмыс барысында біздің тараптан тек қылмыстық қудалаумен шектелмей, сонымен бірге қылмыстың алдын алу жұмыстарын жүргізіп, шаруа қожалықтары иелерінің құқығын қорғаумен де айналысамыз, — деді департамент басшысы.

Ол бұл салада қылмыс жасауға әсер ететін кейбір мәселелер тергеу кезінде анықталғанын тілге тиек етті.

Мысалы, «Ауылшаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» ақпараттық жүйесінің кемшіліктері бар. Ал бұл алаяқтарға айла-тәсілдер жасауға мүмкіндік береді. Соның салдарынан бір малға бірнеше рет, кейбір жағдайларда тіпті жоқ малға бірнеше рет субсидия берілген. Бұл мәселе бойынша құзыретті органдарға өз ұсыныстарымызды бердік. 

Сондай-ақ кешенді талдау барысында несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау бөлігінде фермер үшін бірқатар мәселелер мен бюрократиялық кедергілер анықталды, — деді Қуат Абдыханов.

Брифинг соңында департамент басшысына сауалдар қойылып, тиянақты жауап берілді.

 

Гүлжан БАЗЫЛҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button