Жаңалықтар

«Азамат сені сақтадым…»

Ерлік

Руслан Жолдыбаев атында полейцелік класс пен алғашқы әскери дайындық кабинеті ашылды. Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуов және тәртіп сақшысының ағайын-туыстары қатысты

Руслан Жолдыбаев 2011 жылы Темір ауданы Шұбарши ауылының маңында қаруланған діни экстремистік сипаттағы қылмыстық топты  ұстау кезінде ерлікпен қаза тапқан еді. Арнайы жасақ жауынгері ауыр жарақат алғанына қарамастан, атысты тоқтатпаған.

Алғашқы әскери дайындық сыныбы Русланның өзі оқыған мектептен ашылды.

Облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуов қатысушыларды полиция күнімен құттықтады.

Еліміздегі тыныштық пен тұрақтылықты нығайту мақсатында құрылған қазақстандық полиция қызметі өз міндетін абыроймен атқарып келеді. Полиция қызметкерлерінің қоғамда құқықтық тәртіпті сақтап, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде еңбегі орасан зор. Солардың бірі —  қызметіне адалдық танытқан Руслан Жолдыбаев. Бүгін тәртіп сақшысының  атындағы кадет сыныбының ашылуына қатысып отырмыз. Бұл балаларды патриоттық тәрбие беруге үндейді.  Алдағы уақытта осындай кадет сыныптарын аудандардан да ашу жоспарда бар, — деді облыс әкімінің орынбасары.

Батырдың ерлігін үлгі тұту мақсатында өткізілген іс-шараға облыстық полиция департаментінің басшылығы мен жеке құрамы, ішкі істер органдарының ардагерлері де қатысты. Аталған мектептің 6-сыныбының 25 оқушысы салтанатты түрде ант беріп, Руслан Жолдыбаев атындағы алғашқы әскери дайындық сыныбына ресми түрде қабылданды.

Елім деп жанын қиған Русланның ерлігі бойымызда шексіз құрмет пен мақтаныш сезімін ұялатса, екінші жағынан, қазасы қабырғамызды қайыстырды. Елі үшін туып, елі үшін жанын қиған еріміздің есімін ұлықтау мақсатындаашылып отырған бұл сыныптың өрендері болашақта халқына адал қызмет ететін азамттар болатынына сеніміміз мол, — деді облыстық полиция департаментінің бастығы Абай Жүсіпов.

Алғашқы әскери дайындық сыныбының ашылуына келген Русланның анасы Алтын Жолдыбаева мен қызы Аида ұйымдастырушыларға алғысын айтты.

Ұлымды ұмытпай, осылай құрмет көрсеткендеріңізге алғысым шексіз. Осы жердегі кішкентай балаларға ақ жол тілеймін! Бақытты болып өссін! Дендері сау болып, халықтың алғысын алсын, — деді Алтын Жолдыбаева.

Әскери дайындық сыныбының лентасы салтанатты түрде қиылған соң, қабылданған жас өрендер патриоттық тақырыптағы жыр шумақтарын оқыды.

Тәуелсіздік алған жылдардың ішінде елімізде ішкі істер органдарының 817 қызметкері қызмет бабында қаза тапқан, соның 9-ы — біздің облыстың азаматтары.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button