Жаңалықтар

Коммуналдық қызметтердің жұмысы көңіл көншіте ме?

Қоғамдық кеңес

Сәрсенбі күні облыстық әкімдік ғимаратында қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтіп, Ақтөбе қаласындағы коммуналдық қызмет көрсетудің аужайы талқыланды.

Ақтөбе қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Болат Серіковтің айтуынша, былтыр қала бюджетінен 4 миллиард теңгеге 74 техника, биыл 2 миллиард теңгеге 67 техника сатып алынды. Қосымша 35 техника алуға 3 миллиард теңге қаражат және бөлінген.

— Бұл — қала тазалығын және коммуналдық мекемелердің жұмыс сапасын арттыру мақсатында жасалып отырған іс.

Жарықтандыруға байланысты3жылғашартжасасу туралы шешімқабылданды.Осыжылы184миллионтеңгегеконкурсжарияланды. Сонымен қатар қала көшелерінсәндікжарықтандыруды күтіп ұстаужәнетехникалыққызмет көрсету жұмыстарына «Astana Energo Hub» компаниясымен 132 миллион теңгеге келісімшарт жасалды.

Автомобиль жолдарын жазғы мезгілде күтіп ұстау жұмыстары бойынша қала аумағы 10 лотқа бөлінген. Бұған 1 613,00 миллион теңге аударылды. Биыл 16 сәуір-15 қазан күндері аралығында 7 мердігер мекеме жол тазалығы жұмыстарымен айналысатын болады.Олар — «АқЖол LTD», «Агрофирма «Коквест»,  «Бошан Транс Авто», «Қызмет групп»,«Универсал 3Q»,«Vens Company» және «ATK qyzmet» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері.

Автомобиль жолы тазалығына мердігер мекемелердің 150-ден астам жұмысшысы, 100-ден астам арнайы техникасы жұмылдырылды. Аталған компаниялар жол жиегін құмнан тазарту, шаңсорғыш машинамен жолды тазалау, арнайы техникамен жолға су шашу, сыпыру, жолды тегістеу жұмыстарын жүргізеді, — деді ол.

Сондай-ақ шаһарда 5 жекеменшік компанияның жолаушылар тасымалымен айналысатыны айтылды. 46 тұрақты бағыт бойынша қатынас ұйымдастырылады.

Жиын барысында қаладағы жарықтандыру мәселесі сынға алынды.  Айталық, кеңес мүшелері қаланың ескі бөлігінде, жаңа шағын аудандарында жарықшамдардың дұрыс жұмыс істемейтінін, ал орталық көшелерінде күндіз де қосулы болатынын сын тезіне алды. Сонымен қатар суағарлар мен субұрқақтардың аздығы мәселесі де көтерілді.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button