Мәдениет

Сағи лирикасы — сурет әлемінде

Байқау

Атыраулық жас Ұлықбек Талғатұлы Сағи Жиенбаевтың туғанына 90 жыл толуына орай өткен «Сағи лирикасы — сурет әлемінде» атты республикалық сурет байқауының жеңімпазы атанды.

Сурет байқауын С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен ұйымдастырды.

Байқауға 140-қа жуық туынды келіп түскен. Көпшілігі — студенттер мен мектеп оқушыларының қолынан шыққан туындылар. Басты талап — сурет ақынның нақты шығармасының мазмұны бойынша салыну керек.

Туған жер, ана, мейірім мен сыйластық —Сағи ақын шығармашылығының басты арнасы. Бауқауға түскен суреттерде де осы тақырыптар басым. Сонымен қатар жас буын «Балта туралы баллада», «Құлын» сынды шығармаларға көбірек көңіл бөлген.

Жас суретшілердің бір бөлігі ақынның өз портретін (көбіне табиғат фонында) жазуға талпыныпты. Оның ішінде атыраулық жас Ұлықбек Талғатұлының туындысы сәтті шыққан.Бір қуантарлығы, суреттер түрлі жанрда салыныпты.

Қорытындысында атыраулық Ұлықбек Талғатұлына бас жүлде берілсе, қобдалық Әкімжан Аманжан — І орын, ақтөбелік Гаухар Қуанышбаева ІІ орын алды. Ал ақынның туған жері — Байғанин ауданынан байқауға қатысқан Ақнәзік Әуелбаева ІІІ орынды иеленді. Камила Давлеталина, Гүлсезім Базарбай, Әсемай Мухамбеталиналар ынталандыру сыйлығына ие болды.Оларға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсіміне, сондай-ақ ақынның Ақтөбеде тұратын туыстары да қатысып, естелік әңгімелер айтты. Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның әншісі Н.Әбдіков, кітапхана қызметкері Ә.Сержан ақынның сөзіне жазылған әндерді орындады, Қазанғап атындағы балалар өнер мектебінің оқушылары күй тартып, жастар ақынның өлеңдерін жатқа оқыды.

Айна САРЫБАЙ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button