Жастар жағалауды тазартты
Таза қала
Сенбі күні «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары «Таза қала — таза жағалау» экологиялық акциясын өткізді.
Акция барысында жастар Заречный көпірі маңында орналасқан Елек өзенінің жағалауын қоқыс қалдықтарынан тазартты. Тазалық жұмыстарына «Жасыл ел» жасағының 250 сарбазы және мектеп оқушылары қатысты.
— Экологиялық акцияның мақсаты — табиғатты таза қалпында сақтау, жастарды еңбекке жұмылдыру арқылы өзен жағалауларын қоқыстардан тазалау және қаламызды көркейтуге шақыру, атсалысу. Біздің жасақ сарбаздары бұл орайда үнемі қаламызды көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарына зор үлес қосып келеді. Бүгін, міне, өзен жағалауын тазалап жатырмыз. Мұндай шаралар әлі де жалғаса береді, — дейді «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары және «Атамекен» студенттер отрядтары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Нұржан Шаңғытбаев.
Акция аясында белсенді жастар қоқыс жиналған 300-ден астам қапты арнайы көлікке тиеп жіберді.
Тазалық шарасына белсенді қатысқан 35 сарбаз Алғыс хатпен марапатталды.
Д.АЙДАР.