Денсаулық

Ақтөбеде жүкті әйелдерге арналған біркүндік Клиника ашылды

Қазақстанда ана мен баланы қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді. Жаңа көзқарас жүктіліктің ерте кезеңінде ұрықтың жатырішілік патологиясын уақытылы анықтап, емдеуді көздейді. Денсаулық сақтау министрлігінің статистикасы бойынша жыл сайын жаңа туған нәрестелердің 1%-ы шала туылады. Бұл – әлеуметтік мәселе, өйткені сәбилер өмірбақи мүмкіндігі шектеулі болып қалады. 

Ақтөбедегі «Біркүндік Клиника» пилоттық жобасы облыстық перинаталдық орталықта іске қосылды. Салтанатты рәсімге облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуов, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің басқарма басшысы Шәкизат Халықова, сондай-ақ елдің түкпір-түкпірінен келген медицина саласының мамандары қатысты.

Клиникада ұрық дамуының 12-ші аптасына дейін жүкті әйелдерді скринингтеу жүргізіледі. Әйел өзінің жүкті екенін білген кезде дәрігерлердің ұсынысымен басқа мекемеде тексерілуден өтуі тиіс.

Біркүндік клиникадағы емделу расымен бір күн бойы өтеді. Тіркелгеннен кейін пациент ультрадыбыстық зерттеуге жіберіледі, оны арнайы дайындалған пренатологтар жүргізеді. Олар 30 минуттан кейін өз қорытындысы шығады. Әрі қарай, әйел тест тапсырады, генетика дәрігерлері 30-45 минут ішінде алдыңғы қатарлы жабдықта қан тексереді. Күту кезінде науқаспсихопрофилактикалық дайындыққа психологқа жіберіледі. Келесі кезең – акушер-гинекологтың қабылдауы, нәтижелерді зерделеу және тәуекел деңгейін анықтау. Тәуекел деңгейі төмен болған жағдайда әйел жүктіліктің қалған кезеңінде бағамдайтын учаскелік емханаға жіберіледі. Тәуекел жоғары болған жағдайда, науқас шағын операциялық клиникада инвазивті пренатальды диагностикадан өту үшін медициналық генетиктен кеңес алады.

Зерттеу қорытындысы бойынша іс-қимылдың одан әрі бағыты айқындалады. Егер мамандар ұрықта кінәрат тапса, шешім қабылдау үшін шұғыл түрде көпсалалы консилиум шақырылады. Хромосомалық патология анықталған кезде жүктілікті тоқтату мәселесі шешіледі. Егер нәресте шала немесе ауру белгілерімен туылса, бірден хирургиялық жолмен операция жасалады, ана мен баланы қорғау орталығының балалар профиліндегі дәрігерлері пациенттің жүктілігін басқаруға қосылады.

Д.АЙДАР.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button