Су тасқыны

Ақтөбе облысы бойынша су тасқынынан зардап шеккендерге төленетін біржолғы әлеуметтік көмек туралы ақпарат

Су тасқынынан зардап шегіп өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларына жергілікті өкілетті органдардың шешімдері негізінде біржолғы әлеуметтік төлемге бүгінгі күні облыс бойынша 1668 құжат қабылданып, оларға 553 328,0 млн. теңге тағайындалды, оның 1408 отбасына 457 346,0 мың теңгеге төлем жүргізілді.
Қалған 260 отбасына 95 992,0 мың теңгенің құжаттары қаралымда, құжаттары тексеріс өтуіне сәйкес төлем жүргізіледі.
Мәлімет үшін: Су тасқынынан зардап шекке азаматтар тұрғылықты мекен-жайы бойынша Ақтөбе қаласы мен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне келесідей құжаттармен жолығулары қажет:
1. Жеке куәлік (сәйкестендіру үшін)
2. Су тасқынында зардап шеккенін растайтын құжат (акт, анықтама т.с.с)
3. 20-сандық банктік шот (сәйкестендіру үшін)

Жұмыс уақыты: Дүйсенбі- жұма 9:00- 18:30, үзіліс: 12:30 -14:00 .
Сенбі 9:00- 14.00

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button