Су тасқыны

Министр тұрғын үйлер құрылысын жеке бақылайды

Жұмыс сапары

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев облысқа жасаған сапары кезінде су тасқынынан зардап шеккендерге жаңа тұрғын үй салу үшін әкімдік тарапынан бөлінген жер телімдерінің жағдайын тексерді.

Әкімдіктің мәліметінше, облыста 436 дайын жер телімі бар, оның ішінде Ойыл ауданында — 321, Қобда ауданында — 77, Әйтеке би ауданында — 22, Темір ауданында — 10, Ақтөбе қаласында — 6.

Министр жүргізіліп жатқан жұмыстардың тиімділігі мен сапасын қамтамасыз ету үшін қалпына келтіру мәселесін жеке бақылауда ұстайтынын атап өтті.

Сонымен қатар ол Қобда ауылындағы денешынықтыру-сауықтыру кешенін және өткен жылы апаттан зардап шеккендерге арнап салынған 24 тұрғын үйді аралады.

Бұл шаралар — табиғи апаттарға тап болған азаматтарды қолдау жөніндегі кең ауқымды мемлекеттік бағдарламаның бір бөлігі.

Сапар аясында Қанат Шарлапаев облыс әкімі Асхат Шахаровпен бірге жергілікті кәсіпкерлер және құрылыс компанияларының өкілдерімен кездесті. Кездесудің негізгі мақсаты — алдағы қалпына келтіру шаралары аясында бірлесіп жұмыс істеудің жоспарлары мен стратегияларын талқылау.

Кездесуге облыстық мәслихат төрағасы Гүлқасима Сүйінтаева, құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Ержан Мұздыбаев, мемлекеттік сәулет-құрылысбақылау басқармасының басшысы Оксана Сопрун, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Арысұлан Айтбаев, «Отбасы банк» филиалының директоры ЖеделбекМұрзағалеевқатысты. Сонымен қатар жергілікті кәсіпорындардың директорлары мен жетекшілері, бизнес өкілдері болды.

Кездесуде құрылыс барысын оңтайландыру мәселелері көтерілді, бұл қалпына келтіру процесін жылдамдатуға және оның сапасын жақсартуға септігін тигізеді. Министр жобалардың жоспарланған кезінен бастап нақты құрылысқа дейінгі барлық кезеңінде ашықтық пен жариялылықтың болуы маңызды екенін атап өтті.

Жұмыс сапарын қорытындылай келе Қанат Шарлапаев барлық қатысушылардың бірлескен күш-жігері қалпына келтіру процесін айтарлықтай жылдамдатуға, өңір тұрғындары үшін бұл тұрақтылық пен қауіпсіздікті қайта сезіндіретініне сенім білдірді.

Арайлым НҰРБАЕВА.  

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button