ТУБЕРКУЛЕЗДЕН САҚТАНЫҢЫЗ!
Туберкулез — инфекциялық ауру. Инфекция көзі — науқас адам. Сондай-ақ туберкулез ауруына шалдыққан малға күтім көрсету кезінде де адамға жұғуы мүмкін. Көбіне инфекция ауру адаммен қарым-қатынаста болған кезде, атап айтсақ, сөйлегенде, жөтелгенде, түшкіргенде бөлінетін туберкулез бактерияларының ауа тамшылары арқылы сау адамға жұғуы арқылы тарайды.
Туберкулез дерті — өкпені, бүйректі, буындарды, омыртқаны, ішекті зақымдайтын жұқпалы дерт. Аталған дерттің клиникалық белгілері: екі аптадан аса уақыт жөтелу, әлсіреу, тез шаршау, тәбеттің нашарлауы, салмақ жоғалту, кеуде клеткаларының ауруы, қан түкіру, ұзақ уақыт дене қызуының 37,5-ке дейін көтерілуі, тершеңдік, қан аралас қақырықтың бөлінуі.
Туберкулездің алдын алу үшін барынша салауатты өмір салтын сақтап, спортпен шұғылданған дұрыс. Сонымен қатар жеке бас гигиенасын сақтап, зиянды әдеттерден бас тарту керек. 15 жастан асқан әрбір азамат міндетті түрде жылына бір рет флюорография бақылауынан өтуі қажет. Балалар туберкулез, қызылша, сіреспе, көкжөтел, полиомиелит, гепатитті алдын алу үшін міндетті түрде екпе алуға тиіс.
Светлана ИНИСОВА,
Мұғалжар аудандық аурухана дәрігері.
Ерлан МҰРАТОВ,
Мұғалжар аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы.